Жаңа сабақ слайд

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға су туралы түсінік бере отырып, салауатты өмір салты мен денсаулықтың маңызын ұғындыру, білімдерін кеңейту.
  • Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын және сөздік қорын байытып, тілдік дағдыларын дамыту.
  • Салауатты өмір сүруге, суға шомылудың денсаулыққа пайдасын түсінуге, табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ, аралас сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау
  • Көрнекілік, болжау, ой түйіндеу
  • Шығармашылық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі

Ибн Сина суреттері Деректер Су туралы бейнебаян Слайдтар Интерактивті тақта Музыка

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қасиетті бейсенбі күн сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағамыз түгел бестік болсын.
Бүгінгі күніміз жарқын болсын!

2) Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестендіру

  1. І. Жансүгіровтың өлеңі қалай аталады?

    • А) Табиғат
    • Ә) Жазғытұрым
    • Б) Жер-ана
  2. «Мақтаншақ бұлақ» әңгімесіндегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған?

    • А) Көктем
    • Ә) Жаз
    • Б) Қыс
  3. «Үлкенмін ғой мен енді, жудым бүгін еденді...» сөздері қай өлеңнен алынған?

    • А) «Кел, балалар, оқылық»
    • Ә) «Сегізінші наурыз күні»
    • Б) «Жер-ана»
  4. «Табиғатты бүлдірмейік» өлеңінде не туралы айтылады?

    • А) Ауыл көрінісі
    • Ә) Табиғатты қорғау
    • Б) Көктем мезгілі
  5. «Қарлығаштың қасиеті» деп аталған мәтіннен үзіндіні тап.

    • А) «... Бұл сонда ұя лас болмасын дегені ме? Әлде, адамдардың басына түсіп, үстін бүлдіреді дегені ме екен?...»
    • Ә) «... Ұйықтап, демалып келген Арман оның үстіне сырғанақ тепті....»
    • Б) «... Жаңбыр толассыз жауып тұр....»

3) Жаңа сабақ

Жұмбақ

Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі?

Жауабы: су

Бейнематериал

Су туралы бейнебаян көрсетіледі.

Ассоциация

Оқушылар суға қатысты ассоциациялар құрып, интерактивті тақтаға жазады.

Негізгі түсініктер (тақтада қорытындылау):

Түссіз Мөлдір Ағады Жұғады Жабысады Табиғатта 3 күйде кездеседі

Топқа бөлу

Тақырыпты меңгеру барысында оқушылар топтарға бөлініп, топ аттары слайд арқылы таныстырылады.

4) Кіріспе әңгіме: Әбу Әли ибн Сина (Авиценна)

Әбу Әли ибн Синаның толық аты-жөні — Әбу Әли Құсайн ибн Абдолла ибн Сина. Ол 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы Афшана қыстағында тәжік отбасында дүниеге келген. Ол кезеңде Бұқар — Орта Азиядағы ең ірі мәдени орталықтардың бірі еді.

Бес жасында Бұқардағы мектепке оқуға беріліп, он жасында Құранды түгел жатқа айтатын деңгейге жетеді. Грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Кейін философ Натилиден логика, философия, математика және заң ғылымдары бойынша дәріс алады. Геометрияны Евклид бойынша, астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып-үйренеді.

Ол, әсіресе, медицинаға ерекше қызығып, Гиппократ, Гален және Шығыс медицинасы ғалымдарының еңбектерін зер сала оқиды. Он сегіз жасқа жетпей-ақ білімді, зерделі оқымысты ретінде танылады. Кейін Аристотель мұраларын игеруге кіріседі.

Хорезмдегі саяси жағдай мен Махмұд Ғазнауидің қысымы оны қоныс аударуға мәжбүр етеді. Тарихшылардың айтуынша, ғылыми-философиялық трактаттарының басым бөлігін осы кезеңде жазады. Еңбектерінің қатарында: «Медицина негіздері», «Сауығу кітабы» және т.б.

Ибн Сина өмірінде бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға да жабылған. Үйі тоналған кезде көптеген еңбектері жоғалып кетеді. Кейбір жұмыстарын ұзақ жолда, тіпті ат үстінде отырып жазғаны да айтылады. Қиындықтарға қарамастан, ғылыми және дәрігерлік қызметін тоқтатпайды.

Өмірдің ауыр соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда, 57 жасында қайтыс болады. Ибн Сина — кемеңгер ойшыл, асқан ақын, әрі ұлы дәрігер. Денсаулық жайлы кейбір еңбектерін өлең түрінде де жазған.

5) Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу: әр топтан бір оқушы оқиды.

6) Жаңа білімді бекіту

1-топ

Өлеңде не туралы айтылады?

2-топ

Судың тіршілік үшін маңызы қандай?

3-топ

Таза судың пайдасы туралы әңгімелеп бер.

Қосымша тапсырма: су туралы білетін өлеңдерді жатқа айту.

Сергіту сәті

Слайд арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

7) Су туралы мақал-мәтелдер

Оқушылар су туралы мақал-мәтел айтады. Белсенділік үшін жетондар беріледі.

8) Қорытынды тапсырмалар (дәптермен жұмыс)

I топ

Эссе жазады. «Авторлық орындыққа» шығып, бір оқушы оқып береді.

II топ

Сурет салады және жұмысын қорғайды.

III топ

Өлең шығарып, оқып береді.

Тапсырмалар орындалған кезде әуен қосылып, слайдтар көрсетіледі.

«Су — өмір көзі» (үлгі жұмыс)

Эссе тақырыбы

Су — өмір көзі.

5 жолды өлең

Су

Мөлдір, түссіз

Ағады, жұғады, жабысады

Ол бізге өте қажет

Сусын

10) Бағалау

  • Жетондарды санау.
  • Бағалау парағына енгізу.
  • Оқушыларды «Жарайсыңдар!» сөзімен мадақтау және сусын түрлерін сыйға тарту.

11) Үй тапсырмасы

  1. 1 Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. 2 Су мен денсаулық туралы мақал-мәтел жинау.