Бақытжан қандай бала

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын оқушыларға нақты түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту; мәтінді талдау, сұрақ қою және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Болжау Сұрақ-жауап Әңгімелеу Ой түйіндеу Топтық тапсырмалар Сөзжұмбақ

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушыларды сабаққа жұмылдырып, психологиялық дайындық жүргізеді.

Психологиялық дайындық (өлең):

Арайлап атты бүгін күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

II. Үй тапсырмасын сұрау

  • Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» мәтінінің мазмұнын сұрау; қосымша сұрақтар арқылы бағалау.
  • Оқушылар құрастырған сөзжұмбақтарды бір-біріне шешкізу; тақтаға іліп, мадақтау.

III. Үй тапсырмасын бекіту

«Сиқырлы шар» ойыны арқылы өткен тақырып қайталанып, жаңа сабаққа көпір жасалады.

Сұрақтар (талқылауға):

  • Жаконың шын аты кім еді?
  • Жако күннің қай уағында жоғалып кетті?
  • Олар қандай ойын ойнады?
  • Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті?
  • Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді?
  • Жаконың өзіндік ерекшелігі қандай?
  • Өзің үшін қандай сабақ алдың?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Жетелеуші сұрақтар

  • Суреттен нені байқадыңдар?
  • Ойын автоматына барып көрдіңдер ме?
  • Ойын автоматтары туралы не білесіңдер?
  • Қаламызда бар ма? Тегін ойнатыла ма?

Авторға кіріспе

Сабақ тақырыбы: «Мектептен жырақ жол». Бұл әңгімені Динара Мыңжасарқызы жазған. Оқушылар автор туралы алдын ала дайындалған презентацияларын таныстырады.

Күн ретін жазу, әңгіме тақырыбын дәптерге түсіру және мәтіннің негізгі ойын анықтауға бағыттау.

Сөздік жұмысы

Жырақ
Алыс, қашық.
Төбесінен жай түскендей етті
Қатты таңдандырды.
Құдды
Кәдімгі, тап бір.
Қуыстану
Ыңғайсыздану.

Оқулықпен жұмыс

Мәтін үш топқа бөлініп беріледі: топ ішінде оқылады, талданады, сұрақтар арқылы түсінігі тексеріледі.

Талдау сұрақтары:

  • III тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
  • Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?
  • «Бармағын тістеу» тіркесін қалай түсінесің?
  • Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп тұрып қалды?

Дәптермен жұмыс

Әңгімеге жоспар құрып жазу; әр топ өзіне берілген бөлімге ат қойып, дәптерге түсіреді.

Сергіту сәті

«Барбарики» әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс жасау.

V. Жаңа сабақты бекіту (топтық жұмыс)

1-топ

Бақытжанның, Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын мәтіннен тауып, мәнерлеп оқыңдар.

2-топ

Әңгіме сендердің ойларыңша қалай аяқталуы мүмкін? Өз нұсқаларыңды ұсыныңдар.

3-топ

Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме беріңдер және дәлел келтіріңдер.

VI. Қорытынды (сауалнама және пікірталас)

Оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, компьютерлік ойындардың зияны туралы қысқа бейнематериал көрсетіледі. Кейін пікірталас ұйымдастырылады.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Кім компьютерлік ойын ойнайды?
  2. Компьютерде күніне қанша уақыт отырасың?
  3. Қандай ойын түрлерін ойнайсың?

Нәтижесінде оқушылар мәтіннің тәрбиелік мәнін анықтап, негізгі мазмұнын қорытындылайды: цифрлық ойындар уақытты басқару, денсаулық және оқу үлгерімімен тікелей байланысты екенін түсінеді.

VII. Үйге тапсырма

  • Д. Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» әңгімесін оқу.
  • 4-тапсырманы орындау.

VIII. Бағалау және рефлексия

Бағалау

Оқушылардың жауаптары талданып, белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.

Рефлексия

Оқушылар сабақтан алған әсері мен ұсынысын стикерге жазады: сабақ ұнаса — күлімдеген күн астына жүрек стикерін, ұнамаса — қабағы түйілген күн астына жапсырады.