Саяхатты сипаттау

Сабақтың тақырыбы

Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі (1-сынып).

Алдыңғы оқу

Саяхатты сипаттау. Ң дыбысы мен әрпі.

Сынып

1-сынып

Оқу мақсаттары

  • 1.2.4.1

    Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес және көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

  • 1.2.5.1

    Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа мұғалімнің көмегімен жауап беру.

  • 1.1.5.1

    Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі

Тақырыпты түсінеді, тыңдайды және жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Сабақтың барысы

Басы

Көңіл күйді көтеру (өлең)

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіздер ме!

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз тату болайық!

Сыныпты ұйымдастыру

Қатар-қатар тізіліп,

Қолымызды түсіріп,

Түп-түзу болып отырайық.

Ортасы

Жұмбақ шешу

Тоқыған ауы — шыбынның жауы.

Жауабы: Өрмекші

«Өрікте» — сөздің басында,

«Бөрікте» — «Б»-ның қасында.

Бұл қай әріп? Көріңдер,

Енді айтып беріңдер.

Жауабы: Ө

Доп-домалақ, сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты — ...

Жауабы: Өрік

Ө дыбысына дыбыстық талдау

Келесі сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз: өрмекші, өрік, өткір.

Оқулықпен жұмыс (№1). Тыңдалым

Сұрақ: «Мерей, табиғат деген не?»

Бағдар: Жауабын төмендегі суреттерден табуға болады.

Қосымша сұрақ: Табиғатқа тағы не жатады?

Тапсырма: Іздеуді ұйымдастыр.

Сергіту сәті

Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса, алтын күн,

Жаса, жаса, жарқын күн.

Дәптермен жұмыс

Әріпті жазып үйренеміз: тақтаға жазу, ауада жаздыру, кейін дәптерде бекіту.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

Мектеп және мұғалім туралы мәлімет

Мектеп

ЖББ Абай ОМБК

Мұғалім

М. К. Харесова

Қысқаша қорытынды

Бұл сабақта оқушылар саяхатты сипаттау тақырыбын жалғастырып, Ө дыбысы мен әрпін меңгереді. Жұмбақтар арқылы жаңа әріпті танып, сөздерге дыбыстық талдау жасап, тыңдалым тапсырмалары арқылы сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамытады. Сергіту және дәптермен жұмыс арқылы білімін бекітеді.