Бағалау парақтарын тарату
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні
- Қазақ тілі
- Сынып
- 8-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Қадыр Мырза Әли (презентация арқылы)
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру; тұйық етістік пен жалқы есімді қайталап, білімді практикада қолдануға үйрету.
- Дамытушылық: ойлау, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту; байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; ой-өрісті кеңейтіп, танымдық белсенділікті арттыру.
- Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларын құрметтеуге, олардың әдебиетке қосқан үлесін бағалауға тәрбиелеу; бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілік және ресурстар
- Үлестірмелі материалдар
- Интербелсенді тақта
- Оқулық
Ескерту: презентация гиперсілтемелер арқылы жасалған. Әр көрсеткіге (стрелкаға) басу арқылы қажетті слайдқа өтесіз.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Бағалау парақтарын тарату.
- Үй тапсырмасын тексеру.
II. Жаңа тақырыпқа шығу (қызығушылықты ояту)
Кіріспе
Қазақтың балалар жазушыларымен танысу. Интербелсенді тақтада: 1-слайдтағы әр портретті басу арқылы жазушылардың өмірбаянымен қысқаша танысу.
1) Тыңдалым
Қ. Мырза Әлидің «Септеу» өлеңін тыңдау.
Сұрақтар
- Өлеңде кім туралы айтылған?
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- «Марат» сөзін септеп көр.
Оқушылар өзін-өзі тексеріп, бағалау парағына ұпай қояды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын бірлесе анықтау.
III. Негізгі кезең
2) Оқылым: мәтінмен жұмыс
- Мәтінді іштей оқу, кейін дауыстап мәнерлеп оқу.
- Жаңа сөздермен танысу.
- Тірек сызба бойынша ақын туралы әңгімелеу (жұптық жұмыс). Бір-бірін тексеріп, бағалау парағына ұпай қояды.
3) Жазылым: дәптермен жұмыс (кәртішкемен)
1-тапсырма
Мәтін бойынша сөз тіркестерін дұрыс құрастыру (өзін-өзі тексеру).
2-тапсырма
Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.
3-тапсырма
Артық сөзді табу (жалқы есімдермен жұмыс). «Ереже» сөзіне басқанда оқушы ережені еске түсіреді.
4-тапсырма
Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістік формасына қою (өзін-өзі тексеру).
5-тапсырма
Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтау (бір-бірін тексеріп, ұпай қою).
6-тапсырма
Тест сұрақтарына жауап беру (бір-бірін тексеру).
4) Тілдесім
Үлгі бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу (бір-бірін тексеру).
5) Айтылым: шығармашылық жұмыс
Кітап туралы ұлағатты сөздің бірін таңдап, оған қатысты өз пікірін жазу (4–5 сөйлем). Әр оқушының жауабы тыңдалып, қателері түзетіледі; қорытынды бағаны мұғалім қояды.
IV. Рефлексия: «Алты қалпақ» әдісі
Оқушылар өздеріне бір қалпақты таңдайды. Әр қалпаққа сәйкес сұрақ беріледі, сол арқылы оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады.
Ақ қалпақ
Сабақта нені білдің?
Сары қалпақ
Сабақта не қызық болды?
Қызыл қалпақ
Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?
Қара қалпақ
Сабақта қандай қиындық кездесті?
Жасыл қалпақ
Не істеуге болады? Қандай идеяң бар?
Көк қалпақ
Неге қол жеткіздік? Тағы нені білгің келеді?
V. Бағалау
Оқушылар рейтинг (бағалау) парағындағы ұпайларын санап, мұғалімге тапсырады. Мұғалім әр оқушының жұмыс нәтижесін талдап, кері байланыс береді.
VI. Үй тапсырмасы
- Қадыр Мырза Әлидің «Септеу» өлеңін жаттап келу.
- Оқулық: 158-бет, 2-тапсырма.