Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Бұл сабақ 1-сыныпқа арналған. Тақырып: «Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі».
Мұғалім
Нұрханова Ж.
Ұзақтығы
Кіріспе: 7 минут
Оқу мақсаттары
-
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
-
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
-
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары
Барлығы
«Мен және табиғат» тақырыбы және К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Көбі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы тақырыпты түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар мен байланыстар
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым (слайд).
Тілдік құзыреттілік
«Мен және табиғат» тақырыбы аясында К дыбысы мен әрпін дұрыс қолдану.
Кіріспе бөлім (7 минут)
Сергіту сәті
Балаларға арналған қысқа жаттығулар орындалады.
«Ыстық орындық»
Оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейміз?
- Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Өткен сабақтарда қандай дыбыспен таныстық?
Нәтижесінде оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Ой қозғау: жұмбақ шешу
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Жауабы: Күн
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл-бақшам гүлге толады.
Жауабы: Көбелек
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Жауабы: Кітап
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды,
Су шашып телегей,
Мұхиттан шықпайды.
Жауабы: Кит
Барлық жауап «К» дыбысынан басталады. Ендеше, бүгін біз К дыбысы және К әрпімен танысамыз.
Электронды оқулықпен жұмыс
Оқушылар электронды оқулықтан К дыбысының жазылу ережесін және К дыбысы кездесетін сөздерді қарайды.
Сөздер үлгісі
Тыңдалым
«Ата ақылы» өлеңін тыңдап, жатқа айту.
Сөз мағынасы: салыстыру
Тыңдалым тапсырмасы
Еркіннің хатын тыңдап, сұрақтарына жауап беру.
Суретпен жұмыс
- Суретте бейнеленген заттардың әрқайсысын ата.
- Олардың ортақ белгісін анықта.
Қосымша материалдар
- 1 «К дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы материал (жүктеу).
- 2 «К дыбысы мен әрпі» слайдтары (жүктеу).