Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем
Қазақ тілі · 3-сынып · Аралас сабақ
Сабақ тақырыбы: Сөйлем түрлері
Бұл сабақта оқушылар сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйренеді. Топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар және ойын элементтері арқылы сөйлеу тілі мен теориялық ойлау дағдылары дамытылады.
Білімділік
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері туралы білімді еске түсіру және толықтыру.
Дамытушылық
Өз бетімен жұмыс арқылы теориялық ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, анық әрі таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақ ресурстары мен байланысы
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- «Ыстық орындық»
- «Әткеншек» әдісі
- Топтық, өзіндік, талдау және шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
- АКТ, слайдтар
- Суреттер, үлестірмелі қағаздар
- Сілтемелер, постер, маркер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады. Тыныс белгілерінің суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді: (!), (?), (.).
Үй тапсырмасы: сәйкестендіру тесті (Сілтеме–1)
Әр оқушыға тест парағы таратылады. Әр топтан 2 оқушы шығып сәйкестендіріп, тексеріледі.
Түсініктер
- Сөйлем
- Сөйлемнің бірінші сөзі
- Сөйлемдегі сөздер
- Сөйлемнің соңынан
- Сипаттау мәтіні
- Хабарлау мәтіні
- Пайымдау мәтіні
Сәйкестендіру үшін тұжырымдар мен мысалдар
- Аяқталған ойды білдіреді.
- Бас әріппен жазылады.
- Бір-бірімен байланысып тұрады.
- Тыныс белгісі қойылады.
- Балалар көл жағасында ойнап жүр.
- Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.
- Қайың — пайдалы ағаш. Өйткені қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
- Лашын — жыртқыш құс. Оның арқасы көк-сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір.
- Сұрақ қою арқылы табамыз.
Қызығушылықты ояту
Кім шапшаң? Өрнектердің мәнін тапсаңдар, кестеде жасырынған сөзді анықтайсыңдар.
Өрнектер
- М) 15 + 10
- Й) 3 + 3
- Ө) 10 − 5
- Р) 27 − 10
- Е) 7 + 7
- Т) 17 + 13
- С) 7 + 5
- І) 5 − 2
- Л) 32 − 12
- Ү) 23 + 22
Кестедегі сандар
Тапсырма орындалғаннан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Мағынаны тану: жаңа сабақ (Сілтеме–2)
Әр топқа тапсырма беріледі: сілтемені оқып, топ ішінде талдайды. Әр топтан бір спикер шығып, «Әткеншек» әдісі бойынша басқа топтарға түсіндіреді.
1-топ
Сұраулы сөйлем
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
2-топ
Хабарлы сөйлем
Бір нәрсе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем. Соңына нүкте (.) қойылады.
3-топ
Лепті сөйлем
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Көтеріңкі дауыспен айтылады. Соңына леп белгісі (!) қойылады.
Негізгі ереже (қысқаша)
Хабарлы
Соңында: .
Сұраулы
Соңында: ?
Лепті
Соңында: !
Дәптермен жұмыс
Жұмбақ
Су да бар, қар да жоқ.
Сіз де бар, бізде жоқ.
Жауабы: С әрпі
Сөйлем құрастыру
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, дәптерге жазады.
Көркем жазу
Сс — Әдеп, Санжар, бала.
Санжар — әдепті бала.
Оқулықпен жұмыс
Әр топтан екі оқушы өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқиды.
8-жаттығу
«Не жомарт?», «Кім жомарт?»
Өздік жұмыс: 9-жаттығу
1-сөйлем — хабарлы, 2-сөйлем — сұраулы, 3-сөйлем — лепті. Көшіріп жазу.
Сергіту сәті
Шаршадым — «Ух!» дедім,
Ренжідім — «Туф!» дедім.
Қорықтым — «Ой!» дедім,
Өкіндім — «Ах!» дедім.
Шарасыз — «Ех!» дедім,
Таңырқап — «О!» дедім.
Біліп ап — «Е!» дедім,
Қуанып — «Ха-ха-ха!» деп шаттандым.
Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша сөйлем құрастырып, грамматикалық тапсырмаларды орындайды. Әр топ постер жасап, өз жұмысын қорғайды.
1-топ
Дыбыстық талдау
«Қоян» сөзіне.
2-топ
Буындық талдау
«Көкөністер» сөзіне.
3-топ
Тасымалдау
«Аққулар» сөзіне.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Сөйлем құрастыр:
Суытты, күз, күн, келді.
2-деңгей
Сұраулы сөйлемге айналдырып жаз:
Сабақ басталды.
3-деңгей
Сызба бойынша сөйлем құрастыр:
- ——— ——————— ———.
- ——— ——————— ———!
- ——— ——————— ———?
Ой-толғаныс: жұптық жұмыс (Сілтеме–3)
Тиісті тыныс белгілерін қой
- Өркенің өссін, балам
- Тоғайда қайың, терек, емен өседі
- Шырша қайда өседі
Дұрыс жауап
Өркенің өссін, балам!
Тоғайда қайың, терек, емен өседі.
Шырша қайда өседі?
Топтастыру стратегиясы
Сөйлем айтылу мақсатына қарай:
Хабарлы
Соңына нүкте қойылады.
Сұраулы
Соңына сұрау белгісі қойылады.
Лепті
Соңына леп белгісі қойылады.
Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға жазады.
Ойын: «Кім жылдам?» (Сілтеме–4)
Семантикалық кестемен жұмыс: сөйлемдерді түріне қарай анықтау (хабарлы, сұраулы, лепті).
Мысал сөйлемдер
- Алақай, досым келді
- Менің досым — Азамат
- Достық деген не
- Ертең демалыс
- Сабақ басталды ма
- Күн ашылды
- Дала қандай тамаша
- Наурыз қандай мейрам
Бағдар
Хабарлы
Оқиға/ақпарат хабарлайды.
Сұраулы
Сұрақ қояды, жауап күтеді.
Лепті
Көңіл күй/сезімді білдіреді.
Рефлексия және бағалау
Өзін-өзі бағалау (критерий бойынша)
12–11 балл
«5»
10–8 балл
«4»
7–5 балл
«3»
Топаралық бағалау
Спикерлерді бағалау: қай топтың спикері толық әрі түсінікті түсіндірді?
«Басбармақ» әдісі
- Мен бәрін түсіндім.
- Мен түсінгендеймін.
- Мен түсінбедім.
Үй тапсырмасы
61-бет, 13-жаттығу.