Ыбырай шығармаларын тәрбиелік мәнін айту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин: «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Міндеттері

  • Ыбырай шығармашылығы туралы оқушылардың білімін тереңдету.
  • Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні мен мағынасын түсінуге жетелеу.
  • Жазушы әңгімелері негізінде оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Рөлдерге бөліп оқу

Көрнекілігі

Портрет, оқулық, хрестоматия, жұмыс дәптері, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй жұмысын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білімді пысықтау, сұрақтар арқылы қысқаша қорытынды жасау.

III. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді нақтылау.

IV. «Ой шақыру» стратегиясы

Алдыңғы білімді белсендіру және жаңа тақырыпқа қызығушылық ояту.

Сұрақ-жауап

Негізгі сұрақтар

  • Ыбырай кім?
  • Ыбырай туралы не білеміз?
  • Биыл Ы. Алтынсариннің туғанына неше жыл толып отыр?
  • Қандай әңгімелерін оқыдыңдар?

Қызығушылықты ояту

Сұрақ: Қазақ ағартушылары кімдер?

Жауап: Шоқан, Ыбырай, Абай.

V. Жаңа сабақты игеру

Жаңа ұғымдармен танысу, теориялық білімді нақтылау, мәтінді оқып-талдау.

Негізгі бөлім

1) Сөздік жұмысы

Киіз қос
Шалаш; (орысша) навес из кошмы.
Бүрісу
(Орысша) съеживаться, скрючиваться.
Қыстау
(Орысша) зимовье.
Жарты пұл
Жарты баға; (орысша) полцены.
Қолайлы
Ыңғайлы; (орысша) удобный.
Құлдық ұру
Бағынуды, толық келісімді білдіру; (орысша) выражать покорность, полное согласие.
Уақ жұмыс
Майда жұмыс; (орысша) мелкая работа.
Бейнетқор
Еңбекқор; (орысша) трудолюбивый.

2) Әдебиет теориясынан түсінік

Әңгіме — оқиғаны баяндауға негізделген, қара сөзбен жазылатын шағын көркем шығарма. Әдетте бір оқиға жинақы, тиянақты түрде беріледі; кейіпкерлер саны көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келеді, тақырыбы мен идеясы айқын болады.

Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған қаламгер — Ыбырай Алтынсарин.

3) Мәтінмен жұмыс

Ыбырай Алтынсариннің «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесі оқылады. Оқу барысында мәтіннің негізгі ойы, кейіпкерлердің көзқарасы және тәрбиелік мәні талданады.

  • Әңгімені рөлдерге бөліп оқу.
  • Оқылымнан кейін пікір алмасу, дәлел келтіру.

Топтық жұмыс

  • 1-топ: қазақтың киіз үйін жақтаушылар
  • 2-топ: ағаш үйді жақтаушылар
  • 3-топ: сарапшылар

VI. Сабақты бекіту

Білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.

I деңгей

Ізденушілер

  • Ыбырай қай жылы дүниеге келді?
  • Өмірі туралы қысқаша мәлімет жинақтау.

II деңгей

Шығармаларын ашу

Ыбырай шығармаларының тақырыбы мен идеясын анықтап, мысалдар келтіру.

III деңгей

Тәрбиелік мәні

Ыбырай шығармаларының тәрбиелік маңызын талдап, қорытынды пікір айту.

VII. Үйге тапсырма

Тапсырма

  • Әңгімені мазмұндау.
  • Хрестоматияда берілген шығармаларын оқып келу.

Рефлексия

Оқушылардың сабақтан алған әсерлері мен ой-толғаныстарын тыңдау, қысқаша кері байланыс алу.