Шаруашылығы мен діни наным сенімдері
Сабақ тақырыбы: Сақ мәдениеті
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Топтық және жеке жұмыс, ізденіс.
Пәнаралық байланыс
География
Сабақтың мақсаты
а) Танымдық мақсат
Сақ мәдениетінің мұраларымен таныстыру; сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттегі орнын және қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
ә) Дамытушылық мақсат
Оқушыларды өз ойын еркін айтуға, салыстыра білуге және өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік мақсат
Өз халқының мәдени мұрасын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
-
Карта
Б.з.д. VIII–III ғғ. «Ежелгі Қазақстан» картасы
-
Кітап
«Көркем суретті Қазақстан тарихы», I том
-
Плакат
Тақырыптық плакат
-
Карточкалар
Суретті және сұрақ карточкалары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқу құралдарын тексеріп, түгендеу.
- 3 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тексеру топтық және жеке жұмыстар арқылы ұйымдастырылады. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Ханталапай» ойыны қолданылады.
Топқа бөлу: «Ханталапай» ойыны
Ойын шарты бойынша ортаға «хан» шығып, өз халқына былай дейді:
«Уа, халқым! Мен хан болдым. Мені хан сайлаған — сіздер. Сол себепті бар мал-мүлкімді сіздерге бөліп беремін».
Содан кейін қобдишадағы көк, қызыл, жасыл түске боялған асықтарды ортаға шашады. Оқушылар асықтарды бір-бірден алады: көк — 1-топ, қызыл — 2-топ, жасыл — 3-топ.
1) Сәйкестендіру тапсырмасы
Тақырыптар:
- Сақтардың орналасу орны.
- Сақ тайпаларының қоныстануы.
2) Анаграммаларды шешу (жұптық жұмыс)
Төмендегі сөздерді реттеп, дұрыс атауларды жазыңыз:
даитахрагу
________
симотир
________
ақшыр
________
терогод
________
бонстра
________
сагмаетс
________
кунахс
________
фрамано
________
гапсирагсп
________
иарнра
________
рки
________
секөм
________
3) Суретті карточкалар (топпен)
Сақтардың қоғамдық құрылысы бойынша топтастыру:
- Жауынгерлер
- Абыздар
- Егіншілер мен малшылар
4) Карточкалық сұрақтар
Тақырып: шаруашылығы және діни наным-сенімдері.
I топ
Сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген қанатты 4 пырақ және 4 алтын жебе нені білдіреді?
II топ
Неліктен сақтардың діни наным-сенімдерінде мәйітпен бірге оның дүние-мүлкін де қоса жерлеген?
III топ
Сақтарда мал шаруашылығының қандай үш түрі болды? Оларды сипаттап жазыңыз.
Қорытынды бағыт
Сабақ барысында оқушылар сақ мәдениетінің негізгі мұраларымен танысып, оның әлемдік мәдениеттегі орнын және қазақ мәдениетінің қалыптасуына ықпалын талдайды. Тапсырмалар арқылы салыстыру, дәлелдеу және өздігінен іздену дағдылары дамытылады.