Тақырыпты бекіту деңгейін формативті бағалау арқылы анықтау
Тақырыптар
- Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- Сақтардың мәдениеті (Қазақстан тарихы, 8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Жалпы мақсаты
- Оқулықты пайдаланып, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы мәтінге талдау жасау және оны әңгімелеу.
- Оқушыларды өз ойын жүйелі, дәл әрі түсінікті жеткізуге үйрету.
- Әр оқушының ой-қиялын еркін дамытып, өзіндік қорытынды жасауға баулу.
- Ізденімпаздық пен шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
- Ойлы пікір айтуға және сауатты сөйлеуге үйрету.
- Тақырыпты меңгеру деңгейін формативті бағалау арқылы анықтау.
Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту
Сабақ басында «Мың бала» фильмінен қысқа бейнеүзінді көрсетіледі.
Мақсаты: оқушылардың назарын шоғырландыру, тақырыпқа эмоционалдық және тарихи контекст беру.
II. Мағынаны тану
Тақырыпты талдау барысында оқиға желісі төмендегі құрылым бойынша қарастырылады:
- 1 Басталуы — көтерілістің алғышарттары мен алғашқы қадамдары.
- 2 Дамуы — негізгі оқиғалардың өрбуі, қозғалыстың кеңеюі.
- 3 Байланысуы — оқиғалардың бірізділікпен сабақтасуы, себеп-салдарлық байланыстар.
- 4 Шиеленісуі — қайшылықтардың күшеюі, тартыстың тереңдеуі.
- 5 Шарықтау шегі — оқиғаның ең жоғары шегі, шешуші кезеңі.
- 6 Шешімі — қорытынды, нәтижелер және тарихи маңызы.