Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану тақырыбында семинар
Семинар: мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану
1) Балалардан базарлық
Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк аспан мен алтын күннің астында бейбіт өмір сүрейік.
Бүгін сіздердің алдарыңызда балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетеді.
2) Семинардың ашылуы
- №20 «Дидар» МДҰ меңгерушісіне сөз беріледі: _______________________
- ҚҒОӘ әдіскеріне сөз беріледі: _______________________
3) Тренинг: «Танысайық»
Өткізетін психолог: _______________________
Мақсат: қатысушылар арасында ашық қарым-қатынас орнатып, семинар жұмысына қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
4) Семинарға қатысушы педагогтар туралы
Құрметті әріптестер! Назарларыңызға ТРИЗ технологиясына арналған семинарды ұсынамыз. Бүгінгі іс-шараны бастамас бұрын, қатысушылар құрамымен қысқаша таныстырып өтейік.
Бұл педагогтар балабақшада бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Олардың барлығы бала дамуы мен тәрбиесінде әртүрлі тәсілдер мен тиімді тәжірибеге ие.
1) Баяндама
«Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы (ТРИЗ) технологиясын қолдану арқылы балалардың тілін дамыту» тақырыбында баяндама оқиды: _______________________
2) Ашық іс-әрекет
«Бал құмырасы» — мектепалды даярлау орыс тобының балаларымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көрсетеді: _______________________
3) Ашық іс-әрекет
«Күз мезгілі» — мектепалды даярлау қазақ тобының балаларымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көрсетеді: _______________________
4) Іскерлік ойын
Қатысушылармен іскерлік ойын ұйымдастырады: _______________________
5) Психологиялық тренинг
«Бәрі сенің қолыңда» психологиялық тренингін жүргізеді: _______________________
5) Семинар барысы
I. Теориялық кезең
Ең алдымен сіздерді қалыптасқан ойлау шеңберінен шығып, бірқалыпсыз ойлауға бағыттағым келеді. Төмендегі жағдайды шешуге көмектесіңіздер.
Логикалық тапсырма
Ертеде қарызын қайтара алмаған адамды түрмеге жабатын заң болыпты. Бір көпес өсімқорға қомақты ақша қарыз болады. Қарт әрі ұсқынсыз өсімқор көпестің жас қызына ғашық болып, мынадай ұсыныс айтады: егер қыз оған тұрмысқа шықса, қарыз кешіріледі.
Көпес бұл ұсыныстан шошиды. Сонда өсімқор жеребе тастауды ұсынады: бос дорбаға екі тас салады — бірі ақ, бірі қара. Қыз тас алады: қара тас түссе — өсімқордың әйелі болады, ақ тас түссе — әкесімен қалады. Екі жағдайда да қарыз өтелген болып саналады.
Егер қыз жеребе алудан бас тартса, әкесі түрмеге қамалады, ал қыз қайыршылыққа ұшырайды. Көпес пен қызы келісуге мәжбүр болады. Алайда қыз өсімқордың дорбаға екі қара тас салғанын байқап қалады.
Сіздер қыздың орнында не істер едіңіздер? Қандай ақыл айтар едіңіздер?
Назар аударыңыз
Бұл тапсырмаға берілетін алғашқы жауаптар көбіне дағдылы, бірқалыпты ойлауға сүйенеді. Ал ТРИЗ бізді басқа бағытқа — бірқалыпсыз, шығармашылық ойлауға жетелейді.
Күтілетін нәтиже: «Мен бұл семинардан не күтемін?»
Алдарыңыздағы қағазға алақандарыңызды қойып, айналдыра сызыңыз. Әр саусаққа 2–3 минуттың ішінде «Мен бұл семинардан не күтемін?» сұрағына жауап жазыңыз.
Өмір бізге үнемі мақсат-міндеттер қояды, ал біздің дамуымыз сол міндеттердің шешімін табуға байланысты. Ендеше туындаған мәселені жеңіл әрі тиімді шеше алатын тұлғаны қалай тәрбиелейміз?
Әрбір баланың табиғи дарыны бар екенін педагогтар жақсы біледі. Егер дұрыс оқыту мен тәрбие жеткіліксіз болса, бұл қабілет бәсеңдеп қалуы мүмкін. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде баланың қоршаған ортаға зер салуын, бірқалыпсыз ойлау қабілетін және шығармашылық ойлауын жүйелі дамыту маңызды.
ТРИЗ-педагогика дегеніміз не?
ТРИЗ — педагогикадағы жас әрі кең тараған инновациялық жүйелердің бірі. Ол тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлғаны дамыту теориясына негізделген. Бұл бағыттың негізін ресейлік ғалым әрі қиял-ғажайып жазушы Генрих Альтшуллер қалаған.
Мақсаты
Тек қиялды дамыту емес, сонымен бірге шынайылықты түсініп, жүйелі ойлауға үйрету.
Дағды
Өзін-өзі тану, қоршаған ортадағы қиындықтарды байқау және шағын мәселелерді шешу.
Ұстаным
Тризшылардың ұраны: «Барлығын айтуға болады!»
Құрметті әріптестер, семинар соңында бүгін көтерілген сұрақтарға нақты жауап тауып, өз тәжірибеңізге қолдануға болатын идеялар аласыздар деп сенемін.
II. Практикалық кезең
ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың тілін дамыту тақырыбындағы баяндаманы оқу үшін қазақ тілі мұғалімі Себенова А. С. шақырылады.
8) Семинарды қорытындылау
Қорытынды бөлімде қатысушылардың рефлексиясы тыңдалып, ұсыныстар жинақталады және алдағы жұмысқа бағыт-бағдар беріледі.