Балалар уайымдамаңдар
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға — құт-береке әкелсін баршамызға!
Мақсаты
- Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін қалыптастыру.
- Мерекелік көңіл күй ортасын ұйымдастыру.
- Хормен және жеке ән айту шеберлігін дамыту.
- Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
- Қайырымды іс жасауға тәрбиелеу.
Мерекенің басталуы
Балалардың тілек-жырлары
Анелья
Қыс қызығы тамаша,
Ойнаймыз біз таласа.
Думанымыз жалғассын —
Жаңа жылға жараса!
Қысқа тілектер
- Нұртас: Жаңа жылда жол болсын!
- Аяла: Әрбір үйде той болсын!
- Аружан: Берекелі жыл болсын!
- Кәусар: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жүргізушінің құттықтауы
Нұрландырып маңайды — шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне ақ тілектер ағылсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер! «Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт-береке әкелсін баршамызға!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөз кезегі №12 Қ. Сарымолдаев атындағы орта мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін сәнді киініп, қандай әдемі болып кетіпсіңдер! Ал, балалар, бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Кәне, бәріміз қол ұстасып ән айтайық!
Хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап!»
Шыршаға арналған өлеңдер
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал енді шыршаға арналған өлең шумақтарын тыңдайық.
Ақмарал
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған —
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған,
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
Азиада
Жаңа жыл, жаңа жыл —
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Кәусар
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы —
Көз тоймайды қараса.
Қойылым: «Бауырсақ» көрінісі
Кейіпкердің таныстырылымы
Бауырсақ: «Кемпір қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. Балқаймаққа шылаған, суытып та сынаған. Зырылдаған бауырсақпын! Мен әжемнен қаштым, атамнан да қашып барамын!»
Сахналық әрекет
Бауырсақ дөңгелене қаша жөнеледі. Көрініс залға мерекелік күлкі мен қимыл қосады.
Күтпеген бұрылыс: Түлкінің айласы
Жүргізуші: Балалар, біздің ортамызға кім жетіспей тұр?
Балалар: Аяз Ата мен Ақшақар!
1-бала: Аяз Ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме?
2-бала: Әрине, Аяз Ата келеді. Бізге сыйлық береді.
Түлкі сахнаға кіреді
«Мен түлкімін, түлкімін — тұнып тұрған күлкімін. Бұлғаң-бұлғаң құйрығым, текке өтпейді бір күнім!»
Түлкі: «Аяз Ата мұнда келмейді. Сендерге сыйлық бермейді!»
Жүргізуші: «Бұл қалай болғаны? Мерекеміз Аяз Атасыз өте ме?»
Түлкі: «Аяз Атыларың адасып кетіпті, сендерді таба алмай үйіне қайтыпты.»
Жүргізуші: «Балалар, уайымдамаңдар. Аяз Атамыз келеді. Бұл — түлкінің кезекті бір қулығы шығар.»
Жүргізуші: «Біз қарап тұрмайық. Бәріміз бірге дауыстап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық!»
Балалар: «Аяз Ата! Ақшақар!»
Аяз Ата мен Ақшақардың келуі
Сықырлаған шананың дауысы естіледі. Әуен ойналады. Залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз Ата
Амансыңдар ма, ұлдарым!
Амансыңдар ма, қыздарым!
Қандай әсем жүздерің,
Қандай мөлдір көздерің!
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым!
Ақшақар
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап!»
Жүргізуші: «Ал, балалар, тұрмайық. Аяз Атаға арналған тақпақтарымызды айтайық!»
Арсен
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан —
Аяз Ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Асылжан
Аққырауға малынған,
Ақша қардай сақалы.
Көптен күтіп сағынған —
Көрдік Аяз Атаны.
Мурат
Тақпақтарды жаттадық,
Би билеп көрсін деп.
Аяз қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Би мен ортақ ойын
Аяз Ата: «Қасымда бар Ақшақар. Ол да ренжіп қалмасын. Бүлдіршіндер, балалар — би билеп, бірге ойнасын! Ұлпақарлар билесін!»
Аяз Ата: «Билерің қандай тамаша! Мені бір қуантып тастадыңдар.»
Сиқырлы қолғап ойыны
Аяз Ата: «Менің сиқырлы қолғабым бар! Қолғап кімнің қолында қалып қойса, сол бала ән айтып немесе би билеп өнер көрсетеді.»
Жүргізуші: «Рас па, Аяз Ата? Олай болса, біз дайынбыз!»
Өнер көрсету сәттері
- Асылжан, Аружан: «Шыршаға бардық» әнін орындаймыз.
- Аяла: Құрбыларыммен би билеймін.
- Би: Латын америка биі.
Қорытынды
Бұл сценарий — балалардың ән айту, би билеу, сахналық мәдениет пен бір-біріне жылы тілек білдіру дағдыларын дамытатын мерекелік қойылым. Ортақ көңіл күй, жұмбаққа толы сәттер және ойын арқылы Жаңа жылдың қуанышы әсерлі жеткізіледі.
Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!