Қиялшылдар сайысы

Сабақ тақырыбы

«Тек қана математика»

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру және оқуға ынтасын күшейту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттерін дамыту.

Түрі

Топтық сайыс.

Типі

Ойын түрінде.

Көрнекілігі

Безендірілген сынып, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Командалар

I-топ: «Алға»

Ұраны: «Бәріміз, әрқашан да алдамыз».

Команда 1

II-топ: «Бірлік»

Ұраны: «Бірлік болмай, тірлік болмас».

Команда 2

Сайыс жоспары

  1. I

    Бой жазу

    Жылдам сұрақтар арқылы ойды сергіту.

  2. II

    Математикалық эстафета

    Тізбекті тапсырмалар арқылы жылдамдық пен дәлдікке баулу.

  3. III

    Кім көп біледі?

    Білімді тексеруге арналған сұрақ-жауап кезеңі.

  4. IV

    Қиялшылдар сайысы

    Шығармашылық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауды дамыту.

  5. V

    «Ақын және математика»

    Математика мен сөз өнерін ұштастыратын бөлім.

  6. VI

    Топ басшылары сайысы

    Көшбасшылық пен шапшаңдықты талап ететін кезең.

  7. VII

    Жанкүйерлер сайысы

    Көрермендерді белсенді қатыстыруға арналған тапсырмалар.

Бой жазу: I-топ («Алға»)

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
  2. 100 жыл қалай аталады?
  3. Ең кіші үш таңбалы сан қандай?
  4. Бөлмеде 7 шам жанып тұр. Оның екеуі сөніп қалды. Қанша шам қалды?
  5. Күймеге 4 ат жегілген. Бір ауылдан екінші ауылға дейін бір ат 80 км жол жүреді. Ал 4 ат қанша жол жүреді?
  6. Жарты үлес неге тең?

Бой жазу: II-топ («Бірлік»)

  1. Қандай санға бөлуге болмайды?
  2. Квадраттың қабырғалары қандай болады?
  3. Ең үлкен үш таңбалы сан қандай?
  4. Бөлмеде 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысының алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
  5. Аспанда 5 үйрек ұшып барады. Аңшы екеуін атып алды. Неше үйрек қалды?
  6. Ширек үлес нешеге тең?