Қыс мәтінімен жұмыс

Жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік: оқулық, тақта, жазу дәптері

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Бұл сабақта оқушылардың зат есім бойынша алған білімдері пысықталады, сондай-ақ жалпы және жалқы зат есім туралы түсінік қалыптастырылады. «Қыс» тақырыбындағы мәтінді оқу арқылы оқушылардың сөздік қоры байытылады.

Сабақтың мақсаты

  • Зат есім туралы білімді пысықтау.
  • Жалпы және жалқы зат есімнің айырмасын түсіндіру.
  • Қыс туралы мәтін арқылы сөздік қорды дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Сөйлеу арқылы ойын жүйелі жеткізеді.
  • Мәтіннен зат есімді таба алады.
  • Жалпы және жалқы есімді ажыратады.
  • Жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырады.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері оқу мақсатына қарай бірізді ұйымдастырылады.

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3Жаңа тақырыпқа қызығушылықты ояту
  4. 4Жаңа тақырыпты меңгерту
  5. 5Меңгерілгенін тексеру
  6. 6Бекіту
  7. 7Үй тапсырмасын түсіндіру
  8. 8Оқушыларды бағалау

Сабақ барысы

Әр кезеңде оқушы белсенділігі мен тілдік дағдылар қатар дамытылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Сөздік жұмысы

Сөздерді екі тілде жазып, баламасын табу.

Қазақша

  • Айнала
  • Жазықтар
  • Сарқырап аққан бұлақ
  • Таңғаласың
  • Әрбір
  • Ыстық әрі қымбат
  • Сені сағынамын
  • Көргенше асығамын
  • Мамық
  • Көркейтуге көмектесемін

Орысша (берілген нұсқалар)

  • каждый
  • удивляешься
  • дороги
  • спешу увидеть
  • пушистый
  • кругом
  • помогу процветанию
  • журчащие воды родника
  • равнины
  • скучаю по тебе

Ескерту: тізімдегі баламалар аралас берілген. Оқушылар сәйкестендіру арқылы дұрыс жұп құрастырады.

2) Мәтінмен жұмыс

  • «Туған жерімнің табиғаты» мәтінін мәнерлеп, нақышына келтіріп айту.
  • Оқушылар өз ауылдарының табиғаты туралы жазып келген шағын әңгімелерін оқиды.

III. Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  • Балалар, қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
  • Қыс дегенде көз алдарыңа нелер елестейді?
  • Айтылған ойлардан «Қыс» тақырыбына кластер құрастырайық.

Кластердің өзегі

ҚЫС

Оқушылардың жауаптары негізінде (қар, аяз, боран, шана, коньки, аққала, т.б.) толықтырылады.

Жұмбақ

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

IV. Жаңа тақырыпты меңгерту

1) Зат есімді пысықтау

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Жалпы және жалқы есімдер туралы түсінік беру (слайд арқылы).

2) Сөздік жұмысы (жаңа сөздер)

Жаңа сөздермен танысу, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

Қазақша

  • қыстыгүні
  • жиі-жиі
  • аяз
  • бейнелеу
  • сырғанау
  • жайнау

Орысша

  • зимой
  • часто
  • мороз
  • описывать
  • кататься
  • расцветать

Тапсырма

Берілген жаңа сөздерді қолданып, сөз тіркесі және сөйлем құрастырыңдар.

3) «Қыс» мәтінімен жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Оқушылар мәтінді тізбекпен оқып, аударады.

V. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру

1) «Даналық ағашы» ойыны

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Әр оқушы мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып, қағазға жазады да, мұғалімнің сандықшасына кезекпен салады. Мәтін қайта оқылғаннан кейін әр оқушы сандықшадан бір сұрақ алып, оқиды және жауап береді. Соңында белсенді қатысып, дұрыс жауап берген оқушы атап өтіледі.

2) Тапсырма: зат есімді табу

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Зат есімді табыңдар: жалқы есімнің астын бір рет, жалпы есімнің астын екі рет сызыңдар.

1. Далада жапалақтап қар жауып тұр.

2. Тараз қаласында қатты суықтан сарқырама қатып қалыпты.

3. Балалар қардан аққала жасады.

4. Әсетке әжем шана сатып алып берді.

5. Балалар қыста Талас өзенінде конькимен сырғанайды.

3) Тапсырма: көп нүктенің орнына сөз қою

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.

1. Бір жылда ................................................ бар.

2. Қыс ........................................ айынан басталады.

3. Бұл мезгілде ........................................ жауады.

4. ........................................ ақ мамыққа оранады.

5. Өзен-көлдердің бетіне тұрған ........................................ қалыңдайды.

6. Мұз айдындарында балалар ........................................ теуіп, ........................................ сырғанайды.

7. Қыста ........................................ қарсы аламыз.

8. Табиғат үшін Жаңа жыл ........................................ басталады.

4) Тапсырма: сөздерді мағыналарымен жұптастыру

Берілген сөздерді тиісті мағыналарымен сәйкестендіріңдер.

Сөздер

  • Төрт мезгілге
  • желтоқсан
  • ең қысқа
  • жиі-жиі
  • ақ мамыққа
  • жылы
  • мұз
  • Жаңа жылды

Мағыналары

  • бөлінеді
  • айы
  • күні
  • қар жауады
  • оранады
  • киінеді
  • қалыңдайды
  • қарсы аламыз

Ескерту: тапсырма жұптастыру форматында орындалады; дұрыс сәйкестіктерді оқушы анықтайды.

VI. Бекіту

1) Суретпен жұмыс

Оқушылар жалпы және жалқы есімдерді қолданып, 5–6 сөйлем құрастырады.

2) Сөзжұмбақ

1. «Внимание» сөзінің қазақшасы: зейін

2. Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді? жаз

3. Бес әріптен тұратын кісінің аты: Бақыт

4. Қыс мезгілінің алғашқы айы: желтоқсан

5. Қазақстан Республикасының астанасы: Астана

6. Аптадағы күн атауы: сенбі

7. Дастархан басында қонақтың қолына берілетін зат: майлық

VII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
  • Қыс туралы мақал-мәтелдер тауып, жазып келу.

VIII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жалпы/жалқы зат есімді дұрыс ажыратуы негізінде бағаланады.

Негізгі ұғымдар

Зат есім

Заттың, ұғымның, адамның, жан-жануардың атын білдіретін сөз табы.

Жалпы және жалқы есім

Жалпы есім — ортақ атау; жалқы есім — нақты бір атау (адам, жер-су, қала, т.б.).