Айбынды біздің әкелер
Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп КММ
Заңғар әкелер кеңесінің жетекші мұғалімі: Нұрмұханова Б.М.
Сайыстың тақырыбы: «Айбынды біздің әкелер»
Мақсаты: әке, бала және мектеп арасындағы байланысты нығайту; салауатты өмір салтын насихаттау; кез келген жағдайдан жол таба білетін, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгін әкелер арасында өтетін «Айбынды біздің әкелер» сайысын ашуға рұқсат етіңіздер. Қатысушылардың барлығына сәт-сапар тілейміз!
Уа, халайық, мұнда назар салайық:
- Ата жолын жалғамақ,
- Ел дәстүрін қолдамақ,
- Жігіттер шықсын ортаға!
(Қошеметпен әкелерді ортаға шақыру)
Әділқазылар алқасына сәлем:
«Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем, әділдікке бас иеді күллі әлем! Жүйрік озар, талай дода өтеді — сарапқа сап, әділдікпен шеше біл».
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Әділқазылар: 5 адам
Қуан, далам! Қуантатын күн бүгін — әкелер сынға түсер кез бүгін.
Жігіттердің өнерін тамашалап, топ жеңімпазын анықтайық.
(Топтардың реттік нөмірі анықталады)
Таныстыру кезеңі
Өнер қуып, әкелер сайысқа келді. Ендеше, әр топ кезектесіп өзін таныстырсын.
(Топтарға сөз беріледі)
- 1) Топтың аты
- 2) Әні, ұраны
Сайыс кезеңдері
Төменде сайыс барысында орындалатын тапсырмалар рет-ретімен берілген. Әр кезең қатысушылардың ептілігін, тапқырлығын, өнерін және командалық бірлігін айқындайды.
3) Шар үрлеу
Әр топтан 1 адам, 1 минут ішінде.
4) Ән
«Қазақтың дәстүрлері-ай»
5) Допты салу
Әр қатысушы 3 реттен.
6) «Сымбат» тобының таныстырылымы
Темекінің ағзаға зияны туралы деректер ұсынылып, кітапшалар таратылады.
7) Конфет ашу
Әр топ мүшесі қатысады.
8) Көрініс
«Бала күтуші»
9) Сурет салу
Әр топ мүшесі қатысады.
10) Би
Қазақ биі
11) «Кім мерген?»
Әр топ мүшесі 3 реттен.
12) Жұмбақ шешу
Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі.
13) Ән
«Алтын бесік»
14) «Кім епті?»
Уақытқа: баланы киіндіру (әр топ мүшесі).
15) Ән
«Қазақ елі осындай»
16) Үй тапсырмасы
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
17) Би
Өзбек биі
Қорытынды
Құрметті қауым, қадірлі қонақтар! Өздеріңізбен бірге тамашалаған «Айбынды біздің әкелер» сайысы да өз мәресіне жетті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Марапаттау
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өткізіледі.