Paint қандай оператор
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Шығыс Қазақстан облысы
- Аудан
- Үржар ауданы
- Ауыл
- Қызылту ауылы
- Мектеп
- Кішкенетау орта мектебі
- Мұғалім
- Физика және информатика пәні мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы
- Сабақ тақырыбы
- Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер арқылы сурет салу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін, оны іске қосу жолдарын және негізгі элементтерін түсіндіру. Белсенділікке, техникалық шеберлікке және ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық
Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және компьютерді қолдана отырып сурет салуға үйрету.
Тәрбиелік
Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу және халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелеуге бағыттау.
Сабақ құрылымы
Сабақ типі
Қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс
Сурет, бейнелеу өнері
Сабақ көрнекілігі
- Компьютер
- Paint графикалық редакторының терезесі
- Дидактикалық материалдар
- Тест тапсырмалары
- «Тосын сый»
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін қысқаша түсіндіру.
Сабақ барысы
Бүгінгі қорытынды сабақ Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер арқылы сурет салуға арналған. Сабақ төмендегі турлар бойынша өткізіледі:
- 1-тур: Компьютерлік тест
- 2-тур: Сұрақ-жауап
- 3-тур: Суреттер сайысы
- 4-тур: Венн диаграммасы
Турлар мазмұны
1-тур: Компьютерлік тест
Оқушылар алдын ала компьютерде дайындалған 10 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Тест нәтижесін компьютер автоматты түрде тексеріп, оқушылардың ұпайын шығарады.
2-тур: Сұрақ-жауап
Оқушыларға сұрақтары жасырылған тапсырмалар беріледі. Әр оқушы қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап береді.
- Paint қандай редактор?
- Paint редакторын қалай іске қосамыз?
- Paint редакторының жұмыс аймағы неше бөлімнен тұрады?
- Құралдар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?
- Түстер палитрасы арқылы қанша түсті таңдауға болады?
- Үзінділермен қандай әрекеттер орындауға болады?
- Суреттің үстіне мәтін қосу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Суреттерді қалай сақтаймыз?
- Сақталған суреттерді қалай ашамыз?
3-тур: Суреттер сайысы
Оқушылар таңдап алынған тапсырмалар бойынша Paint графикалық редакторының терезесінде жұмыс істейді. Жұмыс үстелінде орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап, үзінділермен орындалатын әрекеттердің ретін сақтай отырып сурет салуға кіріседі.
Назар аударатын дағдылар
- Үзіндіні дұрыс таңдау және көшіру/қию/қою
- Құралдарды орынды пайдалану және ұқыптылық
- Композиция құру және түстерді үйлестіру