Тотықұстың өте әдемі құс

Сабақтың бағыты

Пән

Тіл дамыту

Тақырып

Құстар

Әдістер мен көрнекіліктер

  • Әңгіме, ойын-жаттығулар, көрнекілік
  • Интерактивті тақта, слайдтар

Мақсаттар

Білімдік

Оқушылардың құстар туралы білімін кеңейту, құстардың табиғатқа тигізетін пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту; байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік

Табиғатқа сүйіспеншілікті, құстарға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару, оқу әрекетіне жұмылдыру.

II. Өткен сабақты пысықтау

  • Көктем мезгілі және оның өзіндік ерекшеліктері бойынша сұрақ-жауап.
  • Көктем айларын атау.
  • Көктемдегі мерекелер туралы әңгімелеу.

III. Жаңа сабақ

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Құстар — табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Олар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстардың түрі өте көп, және олардың барлығы табиғатқа пайдалы.

Негізгі ой

Көктем — құстардың туған жерге оралатын кезі. Бұл уақытта олар ұя салатын қолайлы орын іздейді.

Бір құстар батпақтан, енді біреулері шөп-шаламнан ұя жасайды.

Суреттер арқылы құстардың түрлерімен таныстыру. Оқушылар өздеріне таныс басқа құстарды атап, олар туралы қысқаша әңгімелейді.

IV. Суретпен жұмыс: Қарлығаш

Қарлығаш — киелі құс. Оның құйрығы айыр, сондықтан оны басқа құстардан оңай ажыратуға болады. Қарлығаш көбіне үй маңына ұя салады.

Өлең

Ауламызға бау бүрлеп, Шешек атып жайнайды. Ақ тамағы бүлкілдеп, Қарлығаштар сайрайды.

Балалар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

V. Құстарға арналған өлеңдер

Өлең

Құс келді, Қар, су болып жөнелді. Бүршік атып бар ағаш, Келіп көктем құстары Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.

«Ағаш дәрігері» деп аталатын қандай құсты білесіңдер?

Жауап: Тоқылдақ

Дәрігермен орманға, Құрт-шіркей көп ол маңда. Тоқылдатып жатпаймын, Торғайларды баптаймын.

Орманда жоғары Ағашқа қонады. Тұмсығын балға қып, Тоқ-тоқ соғады.

Тоқылдақ — орман құсы. Ол ағаштарды құрттардан тазартып, шіруден сақтайды. Сондықтан оны «орман дәрігері» деп атайды.

Үй құстары: тақпақ және әңгіме

Үйрек туралы өлең

Үйректі Жүзуге кім үйретті? Аулада Жүруді ол сиретті. Күн шыққан кезеңде Қашады өзенге, Тереңге сүңгиді. Лайсаңда жүгіріп, Кір болу — мін дейді.

Тапсырма

Үй құстарының суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын атаңдар және адамға беретін пайдасын әңгімелеңдер.

  • Жұмыртқа, ет, қауырсын
  • Қора-қопсыны жәндіктерден тазарту
  • Табиғи тепе-теңдікке үлес қосу

Үкі

Үкі — айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.

Бүркіт

Бүркіт — күн көзіне тура қарай алатын құс.

Тотықұс

Тотықұс — өте әдемі құс. Оның «үшінші аяғы» сияқты қызмет атқаратын ерекшелігі бар: ол бұтақтан бұтаққа ауысуына көмектеседі.

Аққу туралы

Жолдар

Аққу — құстың төресі, Ақ мамықтай денесі.

Аққу — өте әдемі, сұлу құс.

Құстарға қамқорлық

Сурет бойынша құстарға қамқорлық жасау туралы әңгімелеу. Құстарға ұя жасап ілу, жем беру, табиғатты таза ұстау — бәрі де жауапкершілік.

Өлең

Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым. Жыл құсының шаттанған, Күттім қашан сайрауын.

Ескерту

Тас атқылап торғайды Қуалауға болмайды. Қамқор болып құстарға, Барлық адам қорғайды.

Ағаштан жасалған ұяны көрсете отырып, құстарға қамқорлық жасау керектігі түсіндіріледі.

Құстарға байланысты жұмбақтар

Жұмбақ 1

Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. Бұл не деген шебер еді!

Жұмбақ 2

Ормандағы ағаштарды Тұмсығымен шегелейді.

Жұмбақ 3

Жүні майда, үлпілдеген.

Жұмбақ 4

Жағымсыз даусы күркілдеп, Имек тұмсық, жез тырнақ, Түнде жүрер бүлкілдеп.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Суреттер бойынша құстарды екі бағанаға бөліп жазыңдар: үй құстары және дала құстары.

Үй құстары

  • Тауық
  • Әтеш
  • Күркетауық
  • Балапан
  • Үйрек
  • Қаз

Дала құстары

  • Торғай
  • Қарлығаш
  • Үкі
  • Тоқылдақ
  • Сауысқан

Қорытынды: халықтық болжамдар

Құстардың тіршілігіне байланысты айтылатын халықтық болжамдарды еске түсіріп, сабақ қорытындыланады.

  1. Шағала келсе, сең бұзылады.
  2. Жаңбыр жауар кезде қарғалар у-шу болып топталып ұшады.
  3. Жыл құстары қаптап келсе, күн жылы болады.

Ән

Хор: «Ақ көгершін»