Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынЖүргізуші:Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін
Салтанатты жиынның жүргізуші мәтіні
Бұл мәтін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға арналған. Қазақ және орыс тілдеріндегі құттықтау сөздер мен өлең жолдары мерекенің мәнін ашып, тәуелсіздіктің құндылығын айқындайды.
Жүргізуші (қазақша)
Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін —
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Ведущий (по-русски)
Свободен, величав и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран,
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой, лучезарный Казахстан!
Құттықтау және ашылу сөзі
Жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік нұры жарқырай берсін!
Ведущий
Добрый день, дорогие учителя, ученики и гости школы! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина — Республика Казахстан. С праздником тебя, родная страна!
Рәсімнің басталуы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Торжественная линейка, посвященная Независимости Республики Казахстан, объявляется открытой.
Тәуелсіздік туралы жыр
Жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Ведущий
Смотрю на небо голубое —
Там, высоко парит орел.
Восходит солнце золотое
Над птицей, будто ореол.
До боли мне знакомо это —
Видение сквозь пики гор.
Осталось лишь добавить сбоку
Национальный наш узор.
Мемлекеттік рәміздер
Ту туралы өлең
Көк аспандай көкпеңбек — Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек — елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті — алтын күн, асқақ арман — қыраны.
Жалауы бұл — халқымның мәртебесі, мақтаны.
Рәсімдік хабарландыру
Мектеп, ерекше назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ортаға әкелу рәсімі. Туды алып шығуға мектебіміздің оқушылары шақырылады.
Внимание!
Государственный флаг Республики Казахстан — внести.
Әнұран
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар: «Болмаған», — деп — Әнұран?!
(Гимн)
Қорытынды және құттықтау сөзі
Жүргізуші
Атыңнан айналайын, егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды — кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Қазақстан!
Ғасырлар тойы болсын, келер күндер!
Бүгінгі салтанатты жиында құттықтау сөз ________________ беріледі.