Қандай мамандар сұраныста
Сабақ тақырыбы
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Фокус
Еңбек нарығы және сұранысқа ие мамандықтар
Дағды
Талдау, пікір айту, салыстыру
Нәтиже
Пунктуацияны сақтап эссе жазу
Сабақтың мақсаттары
- Тақырыпқа қатысты еркін сөйлеп, өз ойын нақты жеткізеді.
- Әр түрлі көзқарасты салыстырып, өз пікіріне баға береді.
- Жай және құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, пунктуация нормаларын сақтай отырып эссе жазады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпты түсіну (Т4)
- Тақырыпқа қатысты көтерілген мәселелерді анықтай алады.
- Мәселе бойынша қорытынды ой ұсына алады.
Пікір айту (А6)
- Түрлі тақырып бойынша айтылған пікірлерге баға береді.
- Өз ойын басқалардың көзқарасымен байланыстыра отырып жеткізеді.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тиімді қолданып, тақырып бойынша пікірін дәлелді түрде жеткізе алады.
Пән лексикасы және терминология
Жазылымға қажетті сөз тіркестері
Сабақтың барысы
Сабақтың басы: ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
- Жетістік критерийлерін ұсыну.
Топқа бөлу: «Менің болашақ мамандығым»
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне түскен сөзге байланысты өлең оқып, қысқа ой айтып, жұмбақ жасырып немесе басқа тәсілдер арқылы сөздің мағынасын ашады.
1-топ: «Менің»
Техникамен байланысты мамандықтар
- жүргізуші
- құрылысшы
- радиотехник
- инженер
2-топ: «Болашақ»
Шығармашылық мамандықтар
- әнші
- суретші
- биші
- тілші
- дизайнер
3-топ: «Мамандығым»
Гуманитарлық бағыттағы мамандықтар
- мұғалім
- заңгер
- дәрігер
- аудармашы
- қорғаушы
Алдыңғы сабақпен байланыс: бұрынғы тақырыптағы білімді пайдаланып, мамандық таңдауға әсер ететін факторларды талқылау.
Сабақтың ортасы: бағыттар бойынша талқылау
1-топқа сұрақ: Егер техникамен байланысты мамандықтарды таңдасаңдар, қандай пәндерді жақсы білу қажет?
2-топқа сұрақ: Шығармашылық мамандықты таңдағанда нені дамыту керек, қандай әрекет маңызды?
3-топқа сұрақ: Гуманитарлық бағытты таңдағанда қандай пәндерге ерекше назар аудару керек?
«Иә, келісемін / Жоқ, келіспеймін» әдісі
Әр топ төмендегі пікірлерге өз ұстанымын білдіреді және дәлел келтіреді (әр топқа 3 пікірден).
-
1) Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
-
2) Мамандық таңдау ақшаға байланысты.
-
3) Мамандық таңдау адамның қабілетіне байланысты.
-
4) Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
-
5) Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
-
6) Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.
-
7) Ақша болса, мамандық қажет емес.
-
8) Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
-
9) Мамандық таңдаудағы басты өлшем — қызығушылық пен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.