Квадрат теңдеудің түрлері
Сабақтың тақырыбы
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты
Квадрат теңдеуді және оның түрлерін түсіну, сондай-ақ квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешу жолын меңгеру.
Күтілетін нәтиже
- Квадрат теңдеу және оның түрлерімен танысады.
- Квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешу жолын үйренеді.
Ресурстар мен әдістер
Қолданылатын ресурстар
- Үлестірмелі қағаздар
- Тақта, бор
- Презентациялар
Қолданылатын әдістер
- Миға шабуыл
- Семантикалық карта
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Түгелдеу
- Оқушылармен амандасып, сыныптың түгелдігін тексеремін. Бүгінгі сабақта белсенділік танытып, жақсы нәтижеге жетулеріне сәттілік тілеймін.
Топқа бөлу (тақырыпты ашу)
Оқушыларды партадағы орналасу ретіне сәйкес 6 оқушыдан 4 топқа бөлемін. Әр топқа үлестірмелі қағаздар беріледі. Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.
Сабақ кезеңдері
Білу
Әдіс: миға шабуыл
Оқушыларға теңдеуді түрлендіру арқылы мақсат қоюға бағытталған сұрақтар ұсынылады:
- 3x − 12 = 3 теңдеуін қалай атаймыз? Оны қалай орындаймыз?
-
Түрлендіру:
3x = 3 + 12Осыны қандай түрлендіру деп атаймыз?
3x = 15 -
x = 15 : 3Нені анықтадық?
x = 5
Осы сұрақтарға сүйене отырып, бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады: квадрат теңдеу және оның түрлері, графиктік тәсілмен шешу жолын меңгеру.
Бағалау критерийлері
- Квадрат теңдеуді анықтау
- Квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешу
- Квадрат теңдеудің түрлерін ажырату
- Теңдіктерді түрлендіру арқылы квадрат теңдеуге келтіру
Түсіну
Формат: топтық жұмыс
І топ
Квадрат теңдеу ұғымы
ІІ топ
Квадрат теңдеудің түрлері: келтірілген және толымсыз квадрат теңдеу
ІІІ топ
1 мысал: өрнекті квадрат теңдеуге келтіру
IV топ
Квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешу
Жұмыс тәртібі
- Жеке оқу және қысқаша жазу
- Топта талқылау
- Тақтада қорғау
Еске түсір
Семантикалық жұмыс арқылы негізгі ұғымдар мен байланыстарды нақтылау.