Аңқау шалды сомдау

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Сымбат» жеке мектебі

Бастауыш сыныптың I санатты мұғалімі: Макуова Нуршат Аманқосовна

Тақырыбы: «Ертегі айта білеміз бе?»

Мақсаты

  1. Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі — ертегі туралы түсінік беру.
  2. Есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеу.
  3. Алғырлыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Ертегі кітаптары
  • Нақыл сөздер
  • Тақырып жазылған плакат
  • Суреттер және т.б.

Жалпы құрылымы

  • I. Ұйымдастыру
  • II. Кіріспе
  • III. Негізгі бөлім
  • IV. Қорытынды

Кіріспе

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі өткізілетін шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Бәріміз де кішкентайымыздан әжелеріміздің ертегілерін тыңдап өстік. Бүгін, жаздың бір шуақты күнінде, біз тағы да ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз.

Шараның ашылуы

Сайыс «Әжемнің ертегілері» өлеңімен ашылады.

Жүргізуші:

Әжем менің көп біледі ертегі,

Ерінбестен ертегіні шертеді.

«Ерте, ерте, ертеде…» деп бастайды,

Бірнешеуін қабат айтып тастайды.

Еліктіріп, ертек бізді баурайды,

Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.

Айта берсе екен деп отырамыз,

Ұйқыға әлі ерте деп.

Сайыстың бағдарламасы

  1. Таныстыру: топ мүшелері өздерін таныстырады.
  2. Ертегі айту: әр оқушы кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап береді.
  3. Кейіпкер даусын сомдау: ертегі кейіпкерінің дыбысын келтіріп, образға ену.
  4. Шығармашылық тапсырма: лагерь тақырыбына ертегі құрастыру.

Қатысушылар

Шараға 4 топ қатысады:

  • 1-топ

    Балдәурен

  • 2-топ

    Ақкөгершін

  • 3-топ

    Балдырған

  • 4-топ

    Болашақ

Негізгі бөлім: тапсырмалар және мазмұны

1) Таныстыру

Әр топ мүшелері өздерін таныстырады.

2) Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндау

  • Балдәурен: «Мақта қыз бен мысық»
  • Ақкөгершін: «Алтын балта»
  • Балдырған: «Түлкі мен қырғауыл»
  • Болашақ: «Аңқау арыстан»

3) Ертегі кейіпкерінің дыбысын сомдау (образға ену)

  • Балдәурен: «Мақта қыз бен мысық» — мысықтың кейпін көрсету.
  • Ақкөгершін: «Алтын балта» — аңқау шалдың бейнесін сомдау.
  • Балдырған: «Түлкі мен қырғауыл» — айлакер түлкінің образын салу.
  • Болашақ: «Аңқау арыстан» — арыстан бейнесін сомдау.

4) Лагерь тақырыбына ертегі құрастыру

Әр топ өз бетінше ертегі құрастырады. 10 минуттан кейін құрастырған ертегісін әңгімелеп айтады.

Шарты

  1. Ертегінің кіріспесі (басы) болуы керек.
  2. Негізгі бөлімінде оқиға желісі анық көрінуі керек.
  3. Соңы жақсылықпен аяқталуы керек (мұратына жету).

Қорытынды

«Ертегі айта білеміз бе?» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне алғыс білдіріледі. Қатысушылар төмендегі оқушыларға мақтау қағаздарымен марапат тапсырылады:

  • Тоқберген Медеу

  • Бесжан Асылзат

  • Тынышбай Ақнұр

  • Дүйсенбай Жомарт