Мақалдарды бастауыштан кейін сызықша қойып жаз
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Баяндауышқа арналған жаттығу жұмысы (презентация түрінде)
- Сабақтың түрі
- Дамытпалы сабақ
- Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ой толғау
- Көрнекілігі
- Слайдтар, суреттер, ребустар, қима таратпалар, интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Баяндауыш туралы білімін пысықтау.
- Бастауыштан кейін қойылатын сызықша туралы мағлұмат беру.
- Жаттығу жұмыстарын орындату.
Дамытушылық
- Сөйлем мүшелері туралы түсінігін жан-жақты кеңейту.
- Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Тіл байлығын арттыру арқылы сауатты жазуға баулу.
- Мәдениетті әрі жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу мақсаттарын қысқаша хабарлау.
Кілт ой
Бүгінгі сабақта баяндауышты анықтау және бастауыштан кейін сызықша қою ережесін бекітеміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру (53-жаттығу)
Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады:
Мақал: Ел іші — алтын бесік
III. Өткен сабақты пысықтау
Нақыл сөз:
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
Сұрақ: Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Жауап: Баяндауыш және бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
IV. Жаңа сабақ
Баяндауыш — бастауыштың іс-әрекетін, күйін немесе қасиетін білдіретін сөйлем мүшесі.
V. Дәптермен жұмыс
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
54-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқы.
- Мақалдарды бастауыштан кейін сызықша қойып жаз.
- Баяндауышты тауып, оған сұрақ қой.
VI. Өз бетімен жұмыс
Еңбек түбі — береке
55-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, бастауыштан кейін сызықша қой.
Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сыз.
VII. Ұжыммен жұмыс
Бойы сергектің ойы сергек
56-жаттығу (ауызша). Мәтінді оқы.
- Мәтінді суреттер арқылы әрі қарай жалғастырып көр.
- «Оспан қандай оқушы?» сұрағына жауап бер.
- Жауап сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та зат есім болсын.
57-жаттығу. Мәтінді оқы.
Қарамен жазылған сөйлемді бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болатындай етіп қайта құрастыр.
VIII. Дидактикалық ойын: «Кімнің ойы жүйрік?»
58-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, төмендегідей топтастыр:
Қызыл себет
Бастауыш — зат есім, баяндауыш — етістік- Әнші қыз келді.
- Күн қызырып батты.
- Бөдене жақынға ұшады.
Көк себет
Бастауыш та, баяндауыш та — зат есім- Қарбыз — көкөніс.
- Аян — биші.
IX. Шығармашылық жұмыс
Білгенге маржан, білмегенге арзан
59-жаттығу. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып, мақал құрастыр.
Нәтиже: Жақсы ата — орман, жақсы бала — қорған
X. Қорытынды
- Біз бүгін не істедік?
- Баяндауыш деген не?
- Сызықша қандай жағдайда қолданылады?
XI. Үй тапсырмасы
- Сөйлем мүшелерін қайталап оқып келу.
- Баяндауышқа қатысты 3 сөйлем құрастырып жазу.
XII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.