Мақалдың мәнін түсіндіру

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебі

Мұғалім

Ибрашова Лиза Қоңырбаевна (бастауыш сынып мұғалімі)

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 3-сынып

Сабақ тақырыбы

«Өзіңді-өзің тексер»

Мақсаттар мен міндеттер

Білімдік

Оқушылардың алған білімін тексеру және тереңдету. Көркем әрі сауатты жазуға төселдіру.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, білімін тәжірибеде қолдана білуге қалыптастыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа баулу, оқу мен білімге құштарлығын арттыру.

Әдіс-тәсілдер

Ізденушілік, ойын элементтері, сұрақ-жауап.

Сабақ типі

Қайталау сабағы.

Көрнекіліктер

Кеспе қағаздар, слайдтар, Ә. Марғұлан туралы слайд, Қазақстан армиясы туралы слайд.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл күйін сабаққа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

10-жаттығу: мақал-мәтелдердің мәтінін түсіндір.

III. Жаңа сабақ: «Өзіңді-өзің тексер»

Сұрақтар: Өтілген сабақтарда қандай дыбыстардың жазылуымен таныстық? Ол дыбыстар қандай сөздерде кездеседі?

«Жасырынған сөзді тап» (слайд)

Оқушылар жасырынған сөзді тауып, сабақтың негізгі бөліміне өтеді.

ВРПАЙДАҒА ЛЕВУАСЫРД ЖАВБІЛІМІҢДІ ПРТЮ

Өтілген тақырыптар бойынша алған білімімізді тапсырмалар арқылы дәлелдейміз.

1-тапсырма: «Өзіңді-өзің тексер» (кеспе қағаз)

Берілген сөздердегі түсіп қалған әріптерді қойып, дұрыс жаз.

Сөздер

...елосипед, ...оккей, жи...аз, ...кран, мульт...ильм, тұ...ы, ...абар, ...уваш, телегра..., ...етка, ...олейбол, дел...ин, мото...икл, ...ирк.

Қажетті әріптер

В, Ц, Х, Ч, Щ, Ф, Э, Һ

2-тапсырма: «Жаңылмай жаңылтпашты айт»

«Болсаң, шахматшы, кел, әйдә,
Кәне, жеңе ғой Шоқанды!»

Берілген сөздер арқылы жаңылтпаш құрастырып айту.

3-тапсырма: Әлкей Марғұлан кім?

«Археолог әрі тірі фольклор,
Тарих бетін қайта ашты шалқына ол.
Қарапайым, кішіпейіл жан еді,
Академик болса да даңқы зор.»
— С. Мәуленов

Оқушылар Ә. Марғұлан туралы қысқаша мәлімет айтады.

4-тапсырма: 6-жаттығу (мәтінмен жұмыс)

Мәтінді оқып, Әбу Насыр әл-Фараби туралы әңгімелеу. «Хорасан», «Фараби» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

«Хорасан» сөзінің дыбыстық талдауы

  • Х — дауыссыз, қатаң
  • О — дауысты, жуан
  • Р — дауыссыз, үнді
  • А — дауысты, жуан
  • С — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан
  • Н — дауыссыз, үнді

«Фараби» сөзінің дыбыстық талдауы

  • Ф — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан
  • Р — дауыссыз, үнді
  • А — дауысты, жуан
  • Б — дауыссыз, ұяң
  • И — дауысты, жіңішке

5-тапсырма: Жатқа жаз

«Ұлан-байтақ жерімді,
Ұлан-байтақ елімді.
Қорғап тұрған сенімді,
Армиямыз — қаһарман!»
— Н. Айтмов

Қазақстан жері, оны қорғау, еліміздің бейбітшілік саясаты туралы пікірлесу.

6-тапсырма: «Ұйқасын тап»

Сөйлемдерді ұйқас сөздермен толықтыр.

  1. Жеймін деп көр қаруды ______ ______ ______
  2. Фариза тойға барады, көптен _____ ______
  3. Ащы көлде балық жоқ, _____ ______ ______
  4. Венада Ваня аға, _________ майлады.
  5. Қыста _____ ______, қызына тоймады.
  6. Хадиша ән салды, _____ _____ ________

7-тапсырма: «Мақалдың жалғасын тап»

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

Әркімнің өз туған жері — Мысыр шаһары.

Елбасы — біреу, халқы оған — тіреу.

Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар.

Мақал-мәтелдердің мәнін талдап, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

8-тапсырма: Ойын «Иә / Жоқ»

Мұғалімнің тұжырымдарына «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру.

  • 1

    «А» — дауысты дыбыс. Иә.

  • 2

    Бөгенбай, Қабанбай — қаһарман батырлар. Иә.

  • 3

    Пингвин құс болғанымен, ұша алмайды. Иә.

  • 4

    «В» — қатаң дауыссыз дыбыс. Жоқ.

  • 5

    Дауысты дыбыс 3-ке бөлінеді. Жоқ.

  • 6

    «Мектеп» — жіңішке айтылатын сөз. Иә.

  • 7

    «Ф» дыбысы мына сөздерде кездеседі: «парта», «плащ». Жоқ.

  • 8

    Дәулет Тұрлыханов — чемпион. Иә.

  • 9

    Щетканың пайдасы көп. Иә.

  • 10

    «Ч», «Щ» — қатаң дауыссыз дыбыстар. Иә.

IV. Қорытынды

Э, В, Ф, Ч, Щ, Ц, Х, Һ дыбыстары кездесетін сөздерді іріктеп, конвертке салу.

Сөздер тізімі

Ваня, Бораш, шана, шуба, центнер, кітапхана, жиһангез, мектеп, цифр, борщ, трамвай, тақта, форма, элеватор, Чапаев, хабарлама.

V. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

8-жаттығу: жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап.