Лоренц күші

Сабақтың тақырыбы

Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы.

Сабақтың мақсаты

  • Қозғалыстағы заряд пен магнит өрісінің өзара байланысын түсіндіру.
  • Лоренц күшін анықтайтын формуланы білу және оны қолдана алу.
  • Мысалдар арқылы Лоренц күшінің күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіру.

Оқу нәтижелері

Оқушылар магнит өрісінде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытының ауытқуына әсер ететін Лоренц күші табиғаттағы көптеген құбылыстармен байланысты екенін түсінеді және оның күнделікті өмірдегі қолданылуын түсіндіре алады.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс Электрондық оқулықпен жұмыс Постер құрастыру Венн диаграммасы Флипчартпен жұмыс «Алты қалпақ» әдісі

Түйінді идеялар

  • Лоренц күшінің магниттік бөлігінің бағыты бөлшек жылдамдығына перпендикуляр, сондықтан ол механикалық жұмыс атқармайды.
  • Күш электрондардың жылдамдығының бағытын ғана өзгертеді (модулін тікелей өзгертпейді).

Сабақ кезеңдері және мұғалімнің іс-әрекеті

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Топқа бөлу: оқушыларға «Магнит», «Әсер», «Күш», «Заряд» сөздері жазылған қағаздар таратылады; осы сөздерге байланысты топтарға бірігеді. (2 минут)
  • Сергіту сәті. (1 минут)

2) Итермелеу сатысы (уәждендіру)

Жаңа тақырыпты түсінуге платформа дайындау үшін интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі. Топтық талқылауға арналған сұрақтар: (5 минут)

  • Ампер күші дегеніміз қандай күш?
  • Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
  • Ампер күшінің модулін өрнектеу: |FA| = q0 N v̄ B sin α.
  • Бұранда ережесі мен сол қол ережесін қолданып, параллель токтар бір бағытта аққанда тартылатынын, ал қарама-қарсы бағытта аққанда тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?

3) Жаңа тақырыпты меңгеру

Интерактивті тақтада электрондық оқулықтан бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильмді талқылауға арналған сұрақтар: (5 минут)

  • Қандай құбылысты бақыладыңдар?
  • Параллель токтар бір бағытта тартылса, ал қарама-қарсы бағытта неге тебіледі деп ойлайсыңдар?
  • Демек, бүгінгі сабақта осы мәселені қарастырамыз: Ампер заңын пайдаланып, магнит өрісінде белгілі бір жылдамдықпен қозғалатын бірлік электр зарядқа әсер ететін күшті қалай анықтаймыз?

Проблемалық сұрақ

Ампер заңын біле отырып, магнит өрісінде белгілі жылдамдықпен қозғалған бірлік электр зарядқа магнит өрісінің әсер ету күшін анықтау.

а) Өздігінен оқу

Таратпа материалдар мен табыс критерийлері ұсынылады, оқушыларға өз бетімен білім алуға мүмкіндік беріледі. (7 минут)

ә) Топтық талқылау

Жаңа материалды топ ішінде талқылау. (3 минут)

б) «Көршіңнің халі қалай?» (жедел бағалау)

Бағалау критерийлеріне сүйеніп, әр оқушы өзінің оң жағындағы сыныптасының тақырыпты меңгеру деңгейін «бағдаршам» тәсілімен бағалайды. (1 минут)

4) Бекіту және жаңа білімді бұрынғы біліммен ұштастыру

Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі. (10 минут)

1-топ

Сабақ барысында меңгерілген материал бойынша тест тапсырмаларына жауап береді.

2-топ

Суреттер бойынша есептерді талдап, постер құрастырады.

3-топ

Есептер шығарады.

4-топ

Есептер шығарады.

Жұмыстарды қорғау және бағалау

Топтар өз жұмыстарын қорғайды және стикерлер арқылы бағалайды: 1-топ 2-топты (және керісінше), ал 3-топ 4-топты (және керісінше) бағалайды. (7 минут)

5) Рефлексия

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы қорытынды ой айту. (1 минут)

6) Үй тапсырмасы

  • §10 оқу.
  • 9 және 21-жаттығу: №2, №3 есептер.