Есептер құрастыру

Математика, 1-сынып

Сабақ тақырыбы: Есеп. Салыстыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, есептеу дағдыларын бекіту және салыстыруға негізделген тапсырмаларды орындау арқылы дәлдік пен шапшаңдыққа дағдыландыру.

Білімділік міндеті

2–6 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайларындағы есептеу дағдыларын қалыптастыру, бекіту.

Дамытушылық міндеті

Айырмалық салыстыруға және қосындыны табуға берілген есептерді шығару білігін дамыту.

Тәрбиелік міндеті

Қатесіз әрі шапшаң есептеуге баулу; үйлесімділікке тәрбиелеу; Отанды сүюге, ұлтжандылыққа баулу.

Құрал-жабдықтар

  • Плакаттар
  • Тірек сызба (схема)
  • Кеспе цифрлар

Оқыту әдістері

Сөздік әдіс Өз бетінше жұмыс Логикалық әдіс Көрнекілік әдісі Сын тұрғысынан ойлау Топтастыру Таңдап алу сауалнамасы Тірек сызба

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарды шоғырландыру.

  • Оқушылардың дайындығын тексеру.
  • Сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін қысқаша түсіндіру.

2) Өткен сабақты қайталау

Ойын және топтық жұмыс арқылы білімді белсендіру.

«Өз орныңды тап» ойыны

Сандарды ретімен орналастыру, салыстыру дағдысын бекіту.

Санамақ айту

Есептік дағдыны жетілдіру және шапшаң ойлауға ынталандыру.

Топтық жұмыс: сандардың құрамын жазу

1-топ

8 санының құрамын жазу.

2-топ

9 санының құрамын жазу.

3-топ

10 санының құрамын жазу.

3) Жаңа сабақ: есеп және салыстыру

Оқулық тапсырмалары арқылы түсіндіру және орындау.

№1 есеп (оқулық)

Шешуі

10 − 5 = 5 (см)

Жауабы: 5 см ұзын.

Шешуі

5 + 5 = 10 (см)

Жауабы: Барлығы 10 см жолақша жапсырылды.

№2 тапсырма

Азайғышы 4 болатын айырмаларды атаңдар. Олардың мәндерін өсу ретімен жазыңдар.

4 − 0 = 4

4 − 4 = 0

4 − 3 = 1

4 − 2 = 2

4 − 1 = 3

Топтық жұмыс: тура теңдіктер құру

1-топ

5, 4 және 9 сандарымен тура теңдіктер құрыңдар.

2-топ

5, 3 және 8 сандарымен тура теңдіктер құрыңдар.

3-топ

4, 3 және 7 сандарымен тура теңдіктер құрыңдар.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

4) «Пойыз құрастыру» ойыны

Мысалдарды шығарып, сөз құрастыру және әңгімелеу.

Есептеулер

4 − 2 =

9 − 6 =

6 − 3 =

10 − 6 =

8 − 4 =

8 − 6 =

10 − 5 =

7 − 6 =

5 − 2 =

«Қазақстан» сөзін құрастыру және талқылау

Сұрақ

Біз қандай республикада тұрамыз?

Жауап: Қазақстан.

Сұрақ

Қазақстанның Президенті кім?

Жауап: Н. Ә. Назарбаев.

Сұрақ

Біздің астанамыз қай қала?

Жауап: Астана қаласы.

5) Бекіту тапсырмалары

Ойды жүйелеу, есеп құрастыру және қорытындылау.

Мақал-мәтелдер

Отан, туған жер, туған ел туралы мақал-мәтелдер айту және мағынасын талқылау.

Есеп құрастыру

Төмендегі өрнектер бойынша қысқа есептер құрастырып, шешімін айтқызу.

6 − 4 =

4 − 3 =

3 + 3 =

2 + 1 =

Топтық жұмыс: геометриялық фигуралар

Суретке қарап, неше үшбұрыш бейнеленгенін анықтаңдар.