Теріс сандар тобына
Математикалық онкүндік (6-сынып)
“Қазақстан 51-ші Халықаралық олимпиаданы қарсы алуда” аясындағы математикалық онкүндікке арналған сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы
§14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу (презентация форматында)
Сабақ форматы
- Түрі:
- дәстүрлі емес сабақ
- Әдісі:
- аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың “Таңбалары әр түрлі екі санды қосу” тақырыбын меңгеруі және ережені есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Математиканың нақтылығын ұғындыру, пәнге қызығушылықты арттыру, математикалық мәдениетке баулу және жүйелі жұмыс істеуге, ойын дәл әрі тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, өз білімін тексеру және бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Қамтамасыз ету және байланыс
Көрнекіліктер
- мультимедиа
- компьютер
- бағалау парақшалары
Пәнаралық байланыс
- қазақ тілі
- әдебиет
- тарих
- география
Сабақ барысы
Негізгі кезеңдер
- Ұйымдастыру.
- “2030 жылға сапар” ойыны арқылы қызығушылық ояту.
- Тірек сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақты түсіндіру: §14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.
- Бекіту: ауызша есептер, деңгейлік тапсырмалар.
- Перфокарта материалдарымен жұмыс.
- Компьютерде тест тапсыру.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы: §14. №438, №441.
- Қорытындылау.
Ойын және жұмыс форматы
Сабақ құрылымында “2030 жылға сапар” ойыны, тірек сызба, топтық және жеке жұмыс, сондай-ақ цифрлық бағалау (тест) қарастырылған. Бұл тәсілдер оқушының белсенділігін арттырып, жаңа ережені әртүрлі тапсырмалар арқылы бекітуге мүмкіндік береді.
Ұрандар және сабақтың идеялық өзегі
Қызығушылық ояту
Ұран: “Шапқан озар, жатқан қалар”
Мағынаны ажырату
Ұран: “Өнер – ағып тұрған бұлақ, ілім – жанып тұрған шырақ”
Ой толғаныс
Ұран: “Бірлік болмай, тірлік болмас”
Тарихи мәлімет
Ұран: “Білімдінің аты өшпес”
Жеңіске жетелеу
Ұран: “Асу бермес асқар жоқ”
Еңбек пен нәтиже
Ұран: “Білімнің басы бейнет, соңы зейнет”
Жаңа тақырып: таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Негізгі ереже
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосқанда, абсолюттік мәні үлкен саннан абсолюттік мәні кіші санды азайтамыз.
- Нәтиженің таңбасы абсолюттік мәні үлкен санның таңбасымен бірдей болады.
Маңызды формула
a + (−a) = 0
Еске сақтауға
Қарама-қарсы сандарды қосқанда нәтиже әрқашан нөл болады.
Мысалдар (температура өзгерісі)
1-есеп. Таңертең ауа температурасы −3°С, түсте +4°С-қа өзгерді. Температура қанша градусқа өзгерді?
−3 + 4 = 1
2-есеп. Түсте ауа температурасы +3°С, кешке −5°С-қа өзгерді. Нәтиже қандай?
3 + (−5) = −2
Ой толғаныс: сандарды топтастыру
Оң сандар тобына
…
Теріс сандар тобына
…
Эйлер–Венн қатынасы
N ⊂ Z ⊂ Q
Қайталау және бекіту тапсырмалары
Гаусс әдісі (қосындыны табыңдар)
-
−2 + (−4) + (−6) + (−8) + (−10) + (−12) + (−14) + (−16)
-
−1,1 + (−1,3) + (−1,5) + (−1,7) + (−1,9) + (−2,1)
Жұмыс түрлері
- ауызша есептер
- деңгейлік тапсырмалар (2 топқа)
- перфокартамен жұмыс
- компьютерлік тест
Кітаппен жұмыс (№432)
1) −1,3 + 2,5
2) −4,6 + 1,9
3) −8,4 + 10
4) 5,1 + (−10)
5) 3,7 + (−6)
6) 2,1 + (−5)
7) −4,3 + 7
8) −7,2 + 4,5
Ережелерді есте сақтауға арналған шумақтар
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу
(+)+(-)
Мен де қосудың бір түрі,
Бірақ саным көбеймес.
Абсолюттік шама бойынша
Көбімнен азым алынар.
Оңыма ешкім тең емес:
Таңбасы көптің қойылар.
Сөзімнің сырын ұғып ал:
Қарама-қарсы қосылса,
Нәтиже әркез нөл болар —
Айтқанымның жөні бар.
Оң сандарды қосу
(+)+(+)
Қосу амалы керек-ақ,
Көбейер санның қатары.
Бірің екеу, үшеу боп,
Риза болып жатады.
Оң санға қоссақ оң санды,
Шыға келер тағы оң сан.
Теріс сандарды қосу
(−)+(−)
Қосу амалы керек-ақ,
Көбейер санның қатары.
Бірің екеу, үшеу боп,
Риза болып жатады.
Теріске теріс қосылса,
Теріс шығар ол да сан.
Қарызың бірақ көбейер,
Ақша келер шыдасаң.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Бағалау парақшалары арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі; тест нәтижелері ескеріледі.
Үйге тапсырма
- §14. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
- №438, №441