Оқушыларды рейтинг түрде бағалау

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер

Бұл сабақта оқушылар XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақстан аумағында әскери бекіністер ретінде қалыптасқан қалалар мен олардың пайда болу тарихын меңгереді.

Сабақтың міндеттері

  • Солтүстік-Батыс Қазақстан қалаларының даму ерекшеліктерін анықтау.
  • XVIII–XIX ғасырларда әскери бекіністер ретінде пайда болған қалаларды білу.
  • Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы барысында қалыптасқан қалалардың пайда болуын түсіндіру.

Дағдыларды дамыту (СТО)

Оқушылар әскери бекініс-қамалдар мен әскери елді мекендер негізінде пайда болған қалалардың тарихын талдап, оны қазіргі кезеңмен байланыстыра отырып қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс нәтижесі

Бірін-бірі оқыту, пікір алмасу және ой бөлісу арқылы оқушылар мәтіндегі проблемалық сұрақтарға жауап беріп, дәлелді тұжырым ұсына алады.

пікірталас бірлескен талдау өзара оқыту

Бағалау

Топтық жұмыс, ұжымдық талқылау және жазба жұмыстары нәтижелері бағаланады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар XVIII–XIX ғасырларда әскери бекініс-қамалдар негізінде қалыптасқан Қазақстан қалаларының шығу тарихын жүйелі түрде түсіндіре алады.

Сабақтың форматы

Түрі

Дәстүрлі сабақ

Типі

Аралас сабақ

Әдістер

Аквариум Екі жақты түсіндірме күнделік Дөңгелек үстел

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Көне қалалардың суреттері
  • Бейнетаспа

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Әдебиет

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасы бойынша білімді тексеру (Аквариум)

Тақтаға 4 оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша түсінік береді. Мұғалім кез келген жерден тоқтатып, келесі оқушы жалғастырып кетеді.

III. Үй тапсырмасын бекіту (Екі жақты түсіндірме күнделік)

Оқушылар төмендегі кітаби сөздер мен терминдерге өз түсінігін жазып, ой қорытынды жасайды.

Кітаби сөздер, терминдер Оқушы түсінігі, ой қорытындысы
Қырман
Сырғауыл
Байырғы
Жатақтар
Жер көріп қайтушылар
Мещеряктар

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Қызығушылықты ояту: бүгін біз Қазақстанда XVIII–XIX ғасырларда әскери бекініс-қамалдар мен әскери елді мекендер негізінде қалыптаса бастаған ірі қалаларға тоқталамыз.

Талқылауға сұрақтар

  • Қазақстанның ірі қалаларына қандай қалалар жатады?
  • «Қала» дегенде көз алдыңа нелер елестейді?

Мағынаны тану: картамен жұмыс

  1. 1 XVIII–XIX ғасырларда Қазақстан аумағында пайда болған қалаларды картадан көрсету және таныстыру.
  2. 2 Бейнетаспа арқылы Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс қалаларының даму ерекшеліктерін салыстыру.

V. Жаңа сабақты пысықтау

Ой толғаныс: «Дөңгелек үстел»

Әр топқа бір парақ беріледі. Оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгенін бір сөзбен сағат тілі бағытымен жазып шығады. Соңында бір оқушы жалпы жазылған пікірлерді оқып береді.

Сәйкестендіру тесті

Қалаларды тиісті жылдарымен сәйкестендіріңіз.

Қала Жыл
Ақтөбе 1824
Қостанай 1720
Көкшетау 1869
Семей 1718
Өскемен 1879

Ескерту: кестедегі жұптар оқушының сәйкестендіру жұмысына арналған.

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысы рейтинг жүйесі арқылы қорытындыланады.

VII. Үй тапсырмасы

Қызылорда қаласының шығу тарихын және ел аузында сақталған белгілі тұлғалары туралы деректерді зерттеп келу.