Қосжақтаулы ұлулар класы

Сабақ тақырыбы

§45. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Пәнге деген қызығушылықты арттыру, өзін-өзі дамытуға жетелеу, ойлау мен есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа баулу және табиғатқа сүйіспеншілікті күшейту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгеру.

Көрнекілігі

Көрнекі құралдар (сурет, кесте, үлгілер) қолдану.

I. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныптың тазалығын тексеру.
  • Кезекшілікті анықтау.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, ұғымдарды нақтылаңдар.

  1. 1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.
  2. 2. Нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
  3. 3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
  4. 4. Аталық та, аналық та жыныс мүшелерінің бір ағза бойында болуы.
  1. 5. Көпқылтанды буылтық құрт.
  2. 6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
  3. 7. Шұбалшаң қанының түсі.

Жауаптары

1. Сүлік
2. Гирудин
3. Шұбалшаң
4. Гермафродит
5. Құмқазар
6. Нереида
7. Қызыл

II. Негізгі бөлім

Ұлуларға жалпы сипаттама

Ұлулар — денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы, көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бас, тұлға, аяқ, бақалшақ және кейбір түрлерінде бақалшақ қалдығынан тұрады.

Бұрын ұлуларды былқылдақденелілер деп атаған. Қазіргі есеп бойынша, ұлулар типіне 130 мыңнан астам түр кіреді.

Ұлулар типінің негізгі кластары

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

Буылтық құрттардан айырмашылығы

  • Ұлулардың денесі бунақтарға бөлінбейді.
  • Тұлғадан қатпарлы қабат — шапанша (мантия) түзіледі.
  • Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы орналасады; шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі

Ұлулардың асқорыту жүйесі күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз қуысы тісшелері бар үккі тілмен және жұтқыншақпен жалғасады. Бауыр деп аталатын асқорыту безінің өзегі қарынға ашылады.

Маңызды тұжырым: көпжасушалы жануарларда асқорытуға қатысатын бауыр безі ұлуларда айқын байқалады.

Қантарату жүйесі

Ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген түрлердің қаны түссіз, ал кейбірінде (әсіресе басаяқтыларда) көгілдір болуы мүмкін.

Жүректе бір немесе екі құлақша және бір қарынша болады.

Тыныс алу

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Зәршығару жүйесі

Зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

Кластары және өкілдері

Бауыраяқты ұлулар (Gastropoda)

Бауыраяқтылар теңізде де, құрлықта да тіршілік етеді. Оларды көлдерден, тоғандардан және әртүрлі суқоймалардан жиі кездестіруге болады. Түйіртек пен жұмырлақ көбіне көлдер мен тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіз баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.

Жүзім ұлуы жүзімдіктерде, ал жалаңаш шырыш бау-бақшаларда және әртүрлі заттардың астында жиі ұшырасады.

Қосжақтаулы ұлулар (Bivalvia)

Қосжақтаулылар Жер шарында кең таралған: мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суқоймаларында және өзендерде тіршілік етеді, ал құрлықта кездеспейді.

Бұл кластың кең тараған өкілі — айқұлақ. Олардың бақалшағы ашылып-жабылатын екі жақтаудан тұратындықтан, «қосжақтаулы» деп аталады.

Басаяқты ұлулар (Cephalopoda)

Басаяқтылар — құрылымы ең жоғары дамыған ұлулар. Көп түрінде бақалшақ жойылған. Олар көбіне тұзды суларда, оңтүстіктегі теңіздер мен мұхиттарда тіршілік етеді.

Денесі бас және тұлғадан құралады. Қармалауыштарының ішкі бетінде бірнеше қатар сақиналы сорғыштар орналасады. Сегізаяқ сорғыштарының көмегімен су түбінде қозғалып, қорегін аулайды. Каракатица мен кальмар баяу жүзгенде қармалауышын және басын алға қаратып қозғалады.

4 — сегізаяқ 5 — кальмар 6 — каракатица

III. Қорытынды

Бекіту тапсырмасы

Кестені толтырыңдар: сәйкес келсе (+), сәйкес келмесе (-) белгісін қойыңдар.

Ұлу Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тыныс алу Қантарату Сорғыштар Жаңа жүйе
Жүзімұлу
Айқұлақ
Кальмар

Қосымша тапсырма: ұлуларда пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдар.

Жұмбақтар

Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыттасы бар.
Ойланып көр, балалар,
Шешуін оның табыңдар.

Жауабы: Ұлу

Аяғы бар, басы жоқ,
Тұлғасы бар, қарны тоқ.
Екі жақтау — қорғаны,
Ол болмаса — сорлады.

Жауабы: Айқұлақ

Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы.

Жауабы: Сегізаяқ

IV. Үй тапсырмасы

  • §45 оқу.
  • 209-беттегі «Біліміңді сына» тапсырмасын орындау.

V. Бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.