WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып
Информатика, 7-сынып
Сабақтың тақырыбы
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың түрі
Түсіндірмелі-көрнекілік
Көрнекіліктер
ДК, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, постерге қажетті құралдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу.

Тәрбиелік

Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, алғырлыққа, батылдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

WordPad-та мәтін теру, мәтін үзінділерімен әрекеттер орындау, сурет кірістіру командаларын және басқа да мүмкіндіктерді қолдану дағдыларын дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сыныпты сабаққа дайындау, назарды шоғырландыру.

II. Оқушыларды топқа бөлу

Топ атаулары:

Мәзір Құралдар Жұмыс аймағы

III. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма

Әр топқа WordPad редакторы бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар кітапқа сүйене отырып, жауаптарын қағазға жазып орындайды.

I топ: «Мәзір»

  • WordPad қандай редактор?
  • WordPad редакторын қалай іске қосамыз?
  • Редактор терезесінің элементтерін атаңдар.

II топ: «Құралдар»

  • WordPad редакторында қандай құралдар бар?
  • Экранда неше меңзер болады?
  • WordPad-та құжат құру жолдары қандай?

III топ: «Жұмыс аймағы»

  • Мәтінді пішімдеу деген не?
  • Құжатты ашу және сақтау қалай орындалады?
  • Баспаға беру командасы қандай?

2-тапсырма

Топ атауларын постер арқылы қорғау және қорғау мазмұнына сүйене отырып, жаңа тақырыпқа шығу.

I топ

«Мәзір» — Перизат

II топ

«Құралдар» — Таңнұр

III топ

«Жұмыс аймағы» — Салтанат

Қорғау нәтижесінде WordPad терезесінің негізгі бөліктері арқылы қандай әрекеттер жасауға болатынын анықтаймыз: Мәзір жолындағы командалар, құралдар тақтасы және жұмыс аймағы. Осыдан бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Жаңа тақырып: WordPad-тың қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың негізгі мақсаты — мәзір командалары мен құралдар тақтасымен жұмыс істей отырып, редактордың мүмкіндіктерін меңгеру. WordPad-та келесі қосымша мүмкіндіктер бар:

Мәтін үзінділерін көшіру және жылжыту

Тышқан арқылы сүйреп апару әдісін немесе мәзір командаларын қолданып, мәтінді көшіруге және орын ауыстыруға болады.

Күн мен уақытты кірістіру

Құжатқа ағымдағы күн мен уақытты жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Іздеу және ауыстыру

Мәтін ішінен сөзді табу және қажет болса, оны басқа сөзбен ауыстыру әрекеттері орындалады.

Сурет кірістіру

WordPad құжатына суреттерді енгізіп, мәтінмен бірге рәсімдеуге болады.

Практикалық бөлімде осы мүмкіндіктерді нақты тапсырмалар арқылы бекітеміз.

3-тапсырма: ДК-мен жұмыс

Тапсырма: 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай шағын шығарма жазу.

4-тапсырма: «Командалар сыры»

Жаңа сабақты бекіту мақсатында диалогтық оқыту элементтері арқылы мәзір командаларының қызметін түсіндіру.

I топ: «Мәзір»

  • Правка → Копировать (Түзету → Көшіру)
  • Правка → Вставить (Түзету → Кірістіру)

II топ: «Құралдар»

  • Дата и время (Күн мен уақыт)
  • Правка → Найти (Түзету → Іздеу)

III топ: «Жұмыс аймағы»

  • Правка → Заменить (Түзету → Ауыстыру)
  • Файл → Выход (Файл → Шығу)

Сергіту сәті

Қысқа жаттығу жасау.

Рефлексия

Оқушылар сабақтың өтуі туралы өз ойларын постерге түсіреді, пікір білдіреді.

Бағалау

Әр топтан бір оқушы бағалау парағына топ мүшелерінің орындаған тапсырмаларына сәйкес ұпайларды белгілейді. Сабақ соңында ұпайлар қосылып, қорытынды баға қойылады.

Үй тапсырмасы

Блокнот және Калькулятор бағдарламалары бойынша келесі сабаққа дайындалып келу.