Сынып журналымен жұмыс
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп, аудан, облыс
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі
География пәні мұғалімі: Г. Кемелбекова
Сабақ тақырыбы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Мақсаты
- Оқушылардың Африка құрлығының географиялық орны, жағалауын шайып жатқан теңіздері мен мұхиттары, ағыстардың табиғатқа әсері, шығанақтары мен аралдары туралы білімін тереңдету; сондай-ақ материкті зерттеген саяхатшылар мен Африканың зерттелу тарихын жүйелеу.
- Сыни ойлау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; шығармашылық қабілетті және оқушы бойындағы дарындылықты дамыту арқылы пәнге қызығушылықты арттыру.
- Табиғаттағы заңдылықтарды түсіндіру арқылы оның құпияларын танып, табиғатты сүюге және аялауға тәрбиелеу.
Ресурстар мен ұйымдастыру
Көрнекілігі
- Физикалық карта
- Атлас
- Үлестірме материалдар
Техникалық құралдар
Интербелсенді тақта
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
СТО стратегиясы элементтері: ББҮ кестесі, жұппен оқу, семантикалық карта, идея жинау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Сынып журналымен жұмыс.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпты топқа бөлу тәсілі
Оқушылар әріптер жазылған үлестірмелерді алады. Сол әріптерді пайдаланып, кескін картадағы Африка материгінің сұлбасын құрастырады. Нәтижесінде 3 топ қалыптасады:
- 1-топ: Африка
- 2-топ: Сахара
- 3-топ: Сомали
II. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Оқушылар ББҮ кестесіне Африка құрлығы туралы бұрыннан білетін мәліметтерін жазады.
2) Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс: жұппен оқу, оқығанын талқылау және мазмұндау. Оқу барысында «айналым жасау» тәсілі қолданылады.
1-оқушы
Географиялық орны және мұхиттары
2-оқушы
Жағалау сызығы және Атлант мұхиты
3-оқушы
Жерорта теңізі және Үнді мұхиты
4-оқушы
Зерттелу тарихы
5-оқушы
Д. Ливингстон және Г. Стэнли
6-оқушы
ХХ ғасырдағы зерттеулер
3) Ой толғаныс
1-тапсырма: кескін картамен жұмыс
3 топқа берілетін нысандарды кескін картаға түсіру және көрсету:
2-тапсырма: семантикалық карта
Интербелсенді тақтада семантикалық картамен жұмыс: картадағы нысандарды сәйкестендіру, бағыттар мен орналасуын дәлелдеу.
Назарға:
Тапсырма орындауда атлас пен физикалық картаны қатар қолдану ұсынылады.