Көктем вальсі

Кіріспе

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы. Мектепалды даярлық тобы.

Құрметті ата-аналар, әріптестер және бүгінгі ертеңгілікке келген қонақтар! Бүгін II-кішкентайлар тобында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін атап өтеміз. Наурыз мерекесі әр шаңыраққа жаңа бақыт, қуаныш, береке мен бірлік әкелсін!

«Қош келдіңіз, Әз — Наурызым!» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашу үшін балабақша меңгерушісі Аширбекова Ұлжамал апайымызға сөз береміз.

Тәрбиешінің құттықтау өлеңі

Наурыз тойы — көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық бола берсін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.

Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Шашу

Екі қыз кезекпен шашу шашады:

Айерке

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ақнұр

Қайда барсаң жол болсын! Елімізде бақыт, байлық болсын!

Хор

«Дастархан»

Наурыз айы: теңелу күні

Балалар, Наурыз айында күн мен түн теңеледі. Ендеше, ортаға Наурыз айын шақырайық!

Наурыз

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бар бұлбұлды.

Айерке

Төгілтіп ән-күй, жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктің бастауы —

Наурыз айы мен болам!

Күн мен Түн

Күн (Ақнұр): Сәулелі мол күнмін!

Түн (Айерке): Жұлдызы мол түнмін!

Күн мен түн қосылып, ұзақтығы бірдей болып, осы күні теңелеміз.

Тақпақтар

Қ. Мерей

Армысыздар, халайық!

Әркез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылды бірге қарсы алайық.

Мағауия

Наурыз күні — той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық.

Ж. Мерей

Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып,

Келген Наурыз құт болсын,

Берері тағы мол болсын!

Ж. Дильназ

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қырлы шың.

Меруерт

Наурыз келді, балалар,

Көктемді қыр жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылды қарсы алайық.

Нұрсәуле

Ал, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Күні-түні он үш күн,

Наурыз тойын тойлайық.

Ақнұр

Уа, ағайын, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың —

Наурыз тойын бастайық!

Бейбарыс

Жылдың басы — Наурыз,

Жердің басы — Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз.

Аяжан

Наурыз келді — жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді.

Нұрдәулет

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханыма елімнің

Береке-ырыс сыйлашы.

С. Дильназ

Әнім де саған, биім де,

Құт-береке өзің — үнімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күнімде, Наурыз — күнімде.

Хор

«Достық жыры»

Жеке нөмірлер

  1. «Көктем вальсі» — орындайтын: Айерке
  2. «Қазақ биі» — орындайтын: бишілер тобы

Қорытынды

«Қош келдің, Әз — Наурызым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!

Наурыз көже

Мерекелік дастарханнан дәм татып, наурыз көженің берекесін бөлісейік.

Бата

Ақ тілектің ақ батасы берілсін.