А ҒұндарСабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы: Мөде шаньюй — Ғұн мемлекетінің негізін салушы

Бұл сабақ Мөде шаньюйдің тарихи рөліне, Ғұн мемлекетінің қалыптасу ерекшеліктеріне, әскери өнерінің жетістіктеріне және көрші елдермен байланысына талдау жасауға бағытталған.

Бөлім

А. Ғұндар

Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу

Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы

Оқу мақсаттары

  • Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтау.
  • Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін сипаттау.
  • Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау және картаға белгілеу.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жұптық жұмысқа қатысады.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көпшілік оқушылар

  • Картадан атаулы мемлекеттерді белгілей алады.
  • Қисынды ойлап, тарихи оқиғаны бұрынғы тақырыппен байланыстырады.

Кейбір оқушылар

  • Қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.
  • Тұжырым жасап, қорытындысын негіздейді.

Бағалау критерийлері

  • Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын біледі және карта арқылы түсіндіреді.
  • Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін ажыратып, дәлелді деректер келтіреді.
  • Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтап, сын тұрғысынан тұжырым жасайды.

Тілдік мақсаттар мен негізгі ұғымдар

Мөде Дунху Юэчжи Алтай Саян Ху тайпалары Лю Бан А. Н. Гумилёв Лаушан У Ди

Ресурстар

Оқу және бағалау

Оқулық, тапсырмалар, бағалау парағы, көмек парақшалары, стикерлер.

АКТ және құралдар

Слайдтар, микрофон, қосымша материалдар.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Жұптық жұмыс Ойын Рефлексия

Сабақ барысы

Басталуы (10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа зейінді қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

М. Жұмабаевтың «Пайғамбар» өлеңінен үзіндіні оқушы жатқа айтады.

Проблемалық сұрақ және үй тапсырмасын тексеру

Бағалау парақшалары таратылып, тапсырмалармен таныстырылады.

«Ашық микрофон»

Оқушылар бір-біріне алдыңғы білім бойынша сұрақ қояды.

Сұрақ-жауап

1 балл

Дамыту

1 балл

Түзету

1 балл

Жаңа сабаққа кіріспе: жұптық тапсырмалар

  • 1-қатар: Ғұн державасының негізін қалаған Мөдеге баға беру.
  • 2-қатар: Карта арқылы ғұн тайпаларының көршілерін және қарым-қатынасын анықтау.
  • 3-қатар: Ғұндардың Қытай елімен қарым-қатынасын түсіндіру.

Ортасы: тақырыпты бекіту

«Аукцион» ойыны

Жасырын сұрақтар арқылы білімді бекіту (тауар сату форматы).

Кері байланыс

Оқушы ↔ оқушы

  1. 1. Мөде шаньюй билеген уақыт аралығын ата.
  2. 2. Мөденің Дунхуларды жаулап алуының себебі неде?
  3. 3. Б.з.б. 203–202 жылдары Мөде қандай көрші тайпаларды жаулап алды?
  4. 4. Мөденің тақ мұрагері кім?
  5. 5. Ғұндар қай жылы Хань әулетінің жерін жаулап алды?
  6. 6. Ғұн әскерлері неліктен күшті болды?
  7. 7. А. Л. Гумилёв ғұндар державасының құрылуы туралы не айтты?
  8. 8. Мөде мен У Ди арасында қандай бейбіт келісім жасалды?
  9. 9. Қытай қорғанының салыну тарихы туралы не білесің?

Дескрипторлар (әр жауап 1–2 балл)

  • 1. Мөде шаньюйдің қай жылдары билегенін біледі (1 балл).
  • 2. Мөде мен Дунхулар арасындағы келіспеушілікті мазмұндай алады (2 балл).
  • 3. Алтай, Саян және өзге тайпалардың бағындырылғанын біледі (2 балл).
  • 4. Мөденің тақ мұрагерін және оның таққа отырған уақытын біледі.
  • 5. Хань әулетінің жері қашан жаулап алынғанын біледі (1 балл).
  • 6. Ғұн әскері атты әскерге сүйенгенін, қуатты аттары, садақтары және қамал бұзатын құралдары болғанын түсіндіре алады.
  • 7. А. Л. Гумилёв деректеріне сүйеніп, ғұн державасының құрылған уақытын айтады.
  • 8. Мөде мен У Ди арасындағы «тыныштық пен туыстық» шарттың не үшін жасалғанын талдай алады.
  • 9. Қытай қорғанының салыну себебін дүниежүзі тарихымен байланыстырып түсіндіреді.

Мұғалім: Қасенова М. А.

Тақырып: Мөде шаньюй — Ғұн мемлекетінің негізін салушы.