Проекциялау әдістері

Сабақ жоспары

Бұл сабақта оқушылар проекциялау тақырыбы бойынша бұрын өткен білімдерін жүйелеп, бекітеді. Теориялық сұрақтар мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы графикалық сауаттылық, талдау және кеңістіктік ойлау дағдылары дамытылады.

Мақсаттар

Білімділік

Проекциялау бойынша өткен сабақтардан алған білімді бекіту, проекция туралы түсінікті қалыптастыру және графикалық білімді толықтыру.

Дамытушылық

Оқушылардың графикалық сауаттылығын, ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Сызба мәдениетін қалыптастыру; ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбекке баулу; эстетикалық тәрбие беру және пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың мазмұны

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгелдеу.
  3. Жұмыс құралдарын тексеру, кезекшіні тағайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Графикалық жұмыс №7: екі көрініс арқылы үшінші көріністі тұрғызу.

III. Қайталау

  1. Өткенге шолу.
  2. Қайталауға арналған тапсырмалар.

IV. Тәжірибелік жұмыс

  • Тапсырма бойынша сызбаны орындау.

V. Білімді бекіту

  1. «Құпия сөздер» тапсырмасы.
  2. Сұрақ-жауап.

VI. Қорытындылау

  1. Оқушыларды бағалау.
  2. Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы

Заттың бақылаушыға қарап тұрған жағының кескінін көрініс деп атаймыз. Негізгі проекция жазықтықтарынан алынған көріністер төмендегідей аталады:

  • 1 Алдыңғы көрініс (негізгі көрініс)
  • 2 Үстіңгі көрініс
  • 3 Сол жақ көрініс

Өткенге шолу: сұрақтар

Негізгі ұғымдар

  1. Проекция дегеніміз не?
  2. Проекциялау дегеніміз не?

Әдістер мен түрлер

  1. Проекциялау әдістері қандай?
  2. Проекциялау түрлері қандай?