Сөзден сөз туады бекетінің тапсырмалары

Сабақтың тақырыбы

«Ойын әлеміне саяхат» — сыныптан тыс іс-шара.

1-топ: «Болашақ»

Ұраны: Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда.

Капитаны: Кошкарова Анастасия.

2-топ: «Қырандар»

Ұраны: Қырандап ұшып келеміз, жеңіске біз де жетеміз!

Капитаны: Сариев Алишер.

Іс-шараның ашылуы

Ең алдымен, шарамызды бимен ашамыз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін сіздер Дарын мектеп-лицейіне, білім ордасына келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!

Бүгінгі іс-шарамыз — «Ойын әлеміне саяхат». Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, ойлау қабілетін дамытады және сергітеді.

Мақсаты

  • Жас буын өкілдерінің ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру.
  • Құндылықтарды насихаттау және оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  • Оқушылардың тілдік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әділқазы құрамы

Сайыс әділ өтуі үшін әділқазы мүшелері сайланады. Ортаға әріптестеріміз Бибігүл Ақантайқызын және Самал Серікқызын шақырамыз.

Қонақтардың ішінен де бір адам өз еркімен әділқазы қатарына қосыла алады. Егер үміткер болмаса, бір адамды ұйымдастырушылар тағайындайды.

Сайыс құрылымы

Сайысқа екі топ қатысады. Қатысушы топтарды ортаға қошеметпен қарсы алайық: «Болашақ» және «Қырандар».

1-бекет

Ұлттық ойындар

2-бекет

Сөзден сөз туады

3-бекет

Мақал-мәтелдер

4-бекет

Кім шапшаң

Оқулық: «Атамұра», 151-бет, 7-тапсырма.

5-бекет

Ұлттық аспаптар

6-бекет

Сиқырлы қоржын

7-бекет

«Мен бастайын, сіз жалғастырыңыз»

Бекеттер бойынша тапсырмалар

1-бекет: Ұлттық ойындар

Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыз: ұлттық ойындар және спорт түрлері.

Сөздер:

қыз қуу, шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, көкпар, бәйге, күрес, тау шаңғысы, асық, суда жүзу

2-бекет: Сөзден сөз туады

«Тоғызқұмалақ» сөзінен бірнеше түбір сөз құрастырыңыз.

3-бекет: Мақал-мәтелдер

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Сөйлем үлгілері:

  • Мектеп – … білім – …
  • Мектеп – білім …
  • Мектеп – білім …

Керек сөздер:

білім, теңіз, ордасы, таусылмайтын

4-бекет: Кім шапшаң

Көкөністер мен жемістердің суреттерін екі себетке бөліп жинаңыз және атауларын айтыңыз.

Көкөністер:

сәбіз, қияр, қызанақ

Жемістер:

алма, алмұрт, өрік, апельсин, жүзім

Қосымша тапсырма:

51-беттегі 2-тапсырманы орындаңыз: суреттің орнына сөз жазып, сөйлем құраңыз.

Концерттік нөмір:

Күй

5-бекет: Ұлттық аспаптар

Домбыра мен қобыздың суреттерін екі бөлікке бөліп жинаңыз. Содан кейін әр аспап туралы қысқаша әңгімелеңіз.

Домбыра

Домбыра — қазақтың көне ұлттық аспабы. Әр үйдің төрінде домбыра тұрады. Құрманғазы, Дина, Жамбыл бабаларымыз домбырада шебер ойнап, айтысқа қатысқан.

Қобыз

Қобыз — қазақ халқының ұлттық аспабы. Қобызды Қорқыт ата жасаған. Қазіргі кезде қобызда жас эстрада жұлдыздары да ойнайды.

Сөйлемді дұрыс құраңыз:

  • Домбыра, ұлттық аспап, қазақтың. → Домбыра — қазақтың ұлттық аспабы.
  • Қобызды, жасады, Қорқыт ата. → Қобызды Қорқыт ата жасады.

6-бекет: Сиқырлы қоржын

Қоржында гүлдер болады. Әр гүлдің артында тапсырма жасырылған. Дұрыс жауап берсеңіз, топқа 1 ұпай қосылады. Дұрыс жауап берілмесе, гүл жүргізушіде қалады.

Сұрақтар:

  1. Көптік жалғауларын атаңыз. Мысал келтіріңіз.
  2. Жылдың төрт мезгілін атаңыз.
  3. Төрт түлік малды атаңыз.
  4. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Көктем айларын атаңыз.
  5. Қазақстан спортшыларын атаңыз.
  6. «Сәлем, мектебім» өлеңін жатқа айтыңыз.
  7. 1 қыркүйек қандай мереке?

7-бекет: «Мен бастайын, сіз жалғастырыңыз»

Бұл бекетке алдын ала үй тапсырмасы берілген. Сонымен қатар, қонақтарды қатыстыра отырып, бір ойын өткізіледі.

1-топ капитанының тапсырмасы

Бір сөзді бастап айтамын, келесі ойыншы сол сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз айтып жалғастырады.

Мысал: Оқушы → ыдыс → сүт → тос → сабын → нан → нар → раушан

2-топ капитанының тапсырмасы

Сіздер үшін сөзжұмбақ әзірленген. Сөзжұмбақты шешіңіз.

Орысша

  1. Роза
  2. Мать
  3. Письмо
  4. Школа
  5. Дневник
  6. Доска

Қазақша

  1. Раушан
  2. Ана
  3. Хат
  4. Мектеп
  5. Күнделік
  6. Тақта

Қорытынды

Сөз әділқазы мүшелеріне беріледі. Жеңімпаз анықталған соң, жеңімпаз топ марапатталады.

Марапаттау рәсімінен кейін жеңімпаздардың құрметіне концерттік нөмір ұсынылады: ән.