Бұйымның бөлшектерін дайындау
Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп ММ
Үйірме жетекшісі: Б. У. Чукаев
«Шебер қолдар» үйірмесі
Бағдар бағыты
Сәндік-қолданбалы өнер, ағаш шеберлігі, тұрмыстық бұйымдар жасау, электрлендірілген макеттер құрастыру.
Оқу жүктемесі
Жылдық жоспар: 68 сағат.
Негізгі қағида
Теорияны тәжірибемен ұштастыру: эскиз → технологиялық карта → жасау → әрлеу → көрмеге ұсыну.
Проблемалық тақырып
«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылықпен айналысуына ықпал ету, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрді, мәдени мұраны және сәндік-қолданбалы өнерді жаңғырту. Сонымен қатар көркем бұйымдарды жобалау және жасау әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар халық қолөнерін меңгеру арқылы өз халқының тарихын тереңірек танып, мәдени мұрасын қадірлеуге және дәстүрді жалғастыруға дағдыланады.
- Өз бетінше ізденіп, алған теориялық білімін практикамен ұштастырады.
- Өз қолымен жасаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен макеттерін мектепішілік және қалалық көрмелерге ұсынады.
Үйірменің мақсаты
1) Ұлттық өнерді жаңғырту
Оқушыларды өздігінен ізденуге бағыттап, ұмыт болып бара жатқан өнердің шығу тарихын түсінумен қатар, оны өз қолымен жасап, сәндік-қолданбалы өнерге жаңа мазмұн беруге баулу.
2) Шығармашылық ойлауды дамыту
Үйірме жұмысы барысында әр оқушының дара ерекшелігін ескере отырып, бейнелі ойлауын, идеясын өнер туындысына айналдыру қабілетін, шығармашылық және жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту.
3) Тиянақтылық пен табандылық
Баланың қабілеті мен дарын әлеуетін зерттеп, дамыту арқылы тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелеу және бастаған ісін соңына дейін аяқтауға дағдыландыру.
4) Ұлттық нақыштағы бұйымдар
Ата-баба мұрасын ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым, ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасау әдістерін меңгерту.
Үйірменің міндеттері
Еңбек мәдениеті және қауіпсіздік
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, материалдарды үнемді пайдалануға, еңбек мәдениеті мен еңбекті қорғаудың бастапқы элементтерін меңгертуге бағыттау.
Эскиз және сызба дағдылары
Бейнелі ойлау арқылы ойдағыны нобай, сурет, сұлба, сызба түрінде қағазға және жазықтыққа түсіру қабілетін қалыптастыру.
Технологияны меңгерту
Бұйым жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері мен технологиясын қолдануды үйрету арқылы оқушы шеберлігін арттыру.
Қайта қолдану және экология
Қалдық материалдардан көркем бұйымдар мен макеттер жасап, заттарға «екінші өмір» сыйлау; қоршаған ортаны ластанудан қорғауға тәрбиелеу.
Үйренілетін тақырыптар (68 сағат)
Бағдарлама қауіпсіздік ережелерінен бастап, ағаш өңдеу, әрлеу, ою-өрнек, металлмен жұмыс және электрлендірілген макеттер құрастыруға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Кіріспе және қауіпсіздік
- 1.Үйірменің мақсаты мен міндеттері. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
Асүй жабдықтарын дайындау
- 2.Асүй жабдықтарын дайындау. Бөлшектеу тақтасының (разделочная доска) эскиздерін әзірлеу.
- 3.Материалды дайындау. Дайындаманы өңдеу.
- 4.Берілген контур бойынша кесу. Дайындаманы ажарлау.
- 5.Ою-өрнек түрлерін таңдау. Эскиздерді дайындау.
- 6.Дайындамаға өрнек түсіру. Электр күйдіргішімен өрнек салу.
- 7.Әрлеу материалдары мен құралдары. Әрлеу кезіндегі ТҚЕ. Тақтайды лактау.
- 8.Астақтай және оқтау жасау әдістері. Эскиздер мен технологиялық картаны дайындау.
- 9.Астақтай материалдарын дайындау. Дайындаманы өңдеу.
- 10.Тақтайды және үшқатты аралау әдістері. Бөлшектерді дайындау.
- 11.Сүргілеу әдістері және аспаптар. Астақтай табанын дайындау.
- 12.Құрастырып-бекіту. Астақтайды құрастыру, ажарлау.
- 13.Асүй бұйымдарын әрлеу ерекшеліктері. Бұйымды әрлеу.
- 14.Ағаш өңдеу токарь білдегіндегі операциялар. Оқтау жасау технологиялық картасы.
- 15.Материал таңдау, дайындама әзірлеу. АӨТБ кезіндегі ТҚЕ. Оқтауды жону, ажарлау.
- 16.Конус тәрізді бетті бөлшектің графикалық бейнесі. Езгілегіш жасау технологиялық картасы.
- 17.АӨТБ саптама тетіктері. Қарадүрсін және таза жону операциялары.
- 18.Езгілегішті жону. Бетті ажарлау, сыммен ысу арқылы күйдіру, кесіп алу, қайта ажарлау, әрлеу.
Сәндік-қолданбалы бұйымдар
- 19.Ою элементтері бар қобдиша. Технологиялық картаны дайындау.
- 20.Дайындамалар әзірлеу және өңдеу.
- 21.Қыларамен жұмыс әдістері. Аралау кезіндегі ТҚЕ. Бөлшектерді дайындау.
- 22.Ағаш бөлшектерін желімдеу. Желімдеу кезіндегі ТҚЕ. Қобдишаның түбін желімдеу.
- 23.Жұқа металды өңдеу технологиясы. Топса эскизін дайындау.
- 24.Металды аралау, егеулеу, бүктеу, бұрғылау. Қобдиша топсасын дайындау.
- 25.Топсаны орнату әдістері және құралдар. Орнату, ажарлау.
- 26.Өрнек таңдау: ромб, пирамида, шұғыла, жолақ. Эскиздерді дайындау.
- 27.Күйдіріп өрнек салу, лактау арқылы әрлеу.
Электрлендірілген макеттер
- 28.Қолда бар материалдардан бұйым жасау. Субұрқақ макетінің сызбалары мен эскиздерін дайындау.
- 29.Субұрқақтың құрамдас бөліктері. Су сорғы қондырғысының бөлшектерін жасау.
- 30.Құрастыру әдістері. Қондырғыны құрастыру және сынақтан өткізу.
- 31.Субұрқақ хауызын (бассейн) дайындау. Су сорғыны орнату.
- 32.Безендіру әдістері. Шамдарды электрлік жалғау сызбаларын дайындау.
- 33.Электртехникалық қауіпсіздік ережелері. Су сорғы мен шамдарды жалғау. Сынақтан өткізу.
- 34.Жыл бойы жасалған бұйымдар көрмесі. Қорытынды.
Тақырыптық жоспар (9-сынып, 68 сағат)
9-сыныпта ағаш шеберлігін тереңдету, металмен көркем өңдеу және күрделірек сәндік бұйымдар мен электрлендірілген макеттер дайындау көзделеді.
Кіріспе және қауіпсіздік
- 1.Үйірменің мақсаты мен міндеттері. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
Ағаш шеберлігімен әрлеу: бұйымдар жасау
- 2.Кәдесыйлық күбі жасау технологиясы. Эскиздер мен технологиялық картаны дайындау.
- 3.Күбі материалдарын дайындау. Дайындамаларды өңдеу.
- 4.Тақтайды аралау әдістері. Күбінің негізгі бөлшектерін дайындау.
- 5.Сүргілеу әдістері және аспаптар. Негізгі бөлшектерді сүргілеу.
- 6.Қақпақ пен түбін өңдеу. Түбін нақтылы бөлшектерге бөлу және өңдеу.
- 7.Құрастырып-бекіту. Негізгі бөлшектерді түбіне сәйкестендіру және желімдеу.
- 8.Жұқа металды өңдеу технологиясы. Құрсау эскизін дайындау.
- 9.Металды аралау, егеулеу, бүктеу, бұрғылау. Құрсауды дайындау.
- 10.Металды көркем өңдеу. Өрнек таңдау және эскиз әзірлеу.
- 11.Шекімелеу әдісі. Құрсауға өрнек салу.
- 12.Құрсауды бекіту. Құрал-саймандар. Күбіні құрсаулау.
- 13.Қақпақ және қақпақ бекінісін дайындау. Жасау, ажарлау.
- 14.Піспек материалын таңдау. Піспек бөлшектерін АӨТБ-де дайындау.
- 15.Піспекті құрастыру. Бөлшектерді құрастыру, ажарлау.
- 16.Күбіге салынатын ою-өрнектерді таңдау. Эскиз әзірлеу.
- 17.Күйдіру әдістері. Күйдіру кезіндегі ТҚЕ. Күбі бетіне күйдіру арқылы өрнек салу.
- 18.Ағаш бетін әрлеуге дайындау және қорғаныс-әсемдік жабын жағу. Бұйымды лактау.
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары
- 19.Кәдесыйлық кебеже жасау технологиясы. Технологиялық картаны дайындау.
- 20.Дайындамалар әзірлеу және өңдеу.
- 21.Қыларамен жұмыс. Аралау кезіндегі ТҚЕ. Бөлшектерді дайындау.
- 22.Ағаш бөлшектерін желімдеу. Желімдеу кезіндегі ТҚЕ. Кебеже бөлшектерін желімдеу.
- 23.Әрлеу кезеңдері. Бетті әрлеуге дайындау. Кебежені ажарлау.
- 24.Өрнек таңдау. Ою-өрнек эскиздерін дайындау.
- 25.Өрнек кесу әдістері. Өрнек кесу кезіндегі ТҚЕ. Кебежеге өрнек кесу.
- 26.Қорғаныс-әсемдеу жабынына дайындау. Бетті тазалау, ажарлау.
- 27.Әрлеу және сырлау материалдары. Сырлау кезіндегі ТҚЕ. Өрнектерді бояу, лактау.
Электрлендірілген макеттер
- 28.Қолда бар материалдардан бұйым жасау. Тікұшақ макетінің сызбалары мен эскиздерін дайындау.
- 29.Тікұшақтың құрамдас бөліктері. Қаңқаны, негізгі және артқы қалақшаларды жасау.
- 30.Электртехникалық қауіпсіздік ережелері. Қосу сызбаларын дайындау.
- 31.Электр құрылғыларын қаңқаға бекіту. Бекіту, жалғау және сынақтан өткізу.
- 32.Қаңқаны қаптау және көркемдеу. Қаптау, қалақшаларды орнату.
- 33.Сырлау кезіндегі ТҚЕ. Тікұшақты сырлау және безендіру.
- 34.Жылдық көрме. Оқу жылының қорытындысы.
Оқыту логикасы: идеядан көрмеге дейін
1-кезең
Қауіпсіздік
ТҚЕ, құралдармен дұрыс жұмыс істеу.
2-кезең
Жобалау
Эскиз, сызба, технологиялық карта.
3-кезең
Дайындау
Кесу, өңдеу, құрастыру.
4-кезең
Көркемдеу
Ою-өрнек, күйдіру, бояу, лактау.
5-кезең
Ұсыну
Сынақ, бағалау, көрме.