Санды және әріпті өрнектер

Сабақ туралы

Пән

Математика (4-сынып)

Сабақ тақырыбы

Санды және әріпті өрнектер

Сабақ түрі

Білімін жетілдіру сабағы

Әдістер

Сұрақ-жауап, талдау, іздену, салыстыру

Көрнекіліктер

Слайдтар, суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар

Сабақтың мақсаты

  • Санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу, салыстыру және олардың мәндерін табу біліктілігін қалыптастыру.

  • Көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруды жетілдіру.

  • Талдау және салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу, оқушы зейінін сабаққа аудару және жұмысқа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№7 тапсырма: «Өзіңді өзің тексер». Нәтижелер интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

III. Жаңа білімге дайындық

Балалар, сендер 1-сыныптан бері «өрнек» ұғымын меңгеріп келесіңдер және оның ішінде санды және әріпті өрнектерді ажырата аласыңдар. Ендеше, ережені еске түсірейік.

Анықтама: Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысып тұрған жазу әріпті өрнек деп аталады. Әріптің орнына сан қойсақ, әртүрлі санды өрнектер аламыз.

IV. Оқулықпен жұмыс (қызығушылықты ояту)

№1 тапсырма: ұжымдық жұмыс. Семантикалық кесте құру (ауызша), кейін тексеру. Бұл бөлімде өрнектердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары нақтылап айтылады: санды өрнектің мәні бірден табылады, ал әріпті өрнектің мәнін табу үшін әріпке сан мәнін беру керек.

Талдауға берілген жазулар

a + 5
(34 + 10) − 2
23 · 4 + 9
x + 9 = 17 · 6
72 : x = 24 : 3
(45 + 25) : 5
90 − 10 · 5
x − 3
b · 6
72 : 9 + 20
12 : x + 24 : 8
(x + 2) + 16 · 4
34 − 8 = 13 · 2

Тапсырма 1

Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз және оқы.

Тапсырма 2

Әріпті өрнектерді теріп жаз және оқы.

Тапсырма 3

Қай жазуларды санды немесе әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен?

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}