Биіктей бер, Нұр аға
Елбасы – елдің тұтқасы!
Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. Қазақстанда бұл мереке жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді.
Жүргізушінің құттықтауы
Мереке құтты болсын, құрметті ұжымдастар! Аспанымыз ашық, еліміз де, жеріміз де аман болсын! Осы мерекеге орай Саура тобы бүлдіршіндерінің «Елбасы – елдің тұтқасы!» атты ертеңгілігін қасиетті қазағымның Әнұранын орындаудан бастаймыз.
Сұрақ-жауап
Жүргізуші
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар
Қазақстан Республикасында.
Жүргізуші
Отаны бар, елі бар жан — әманда бақытты ғой мына байтақ ғаламда. Отан деген — оттан ыстық жалғыз сөз, жалын берген маған да, саған да.
Елбасы өмірінен қысқаша дерек
Слайд
Елбасы өмірінен үзінді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы. Президент болу — өте қиын әрі жауапты қызмет. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Әкесі — Әбіш, анасы — Әлжан. Мектепті өте жақсы оқып, сапалы білім алды.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушысы қызметіне дейін өсті.
1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның Президенті етіп сайлады. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болатын.
Өлең-жырдан үзінділер
Нұрлыбек
Ауыр күнді артымызға тастады,
Қиын сәтте қиындықтан қашпады.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген —
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Туды ұстап, тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп.
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Керемет іс жасады — кісілік.
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз —
Үлкен-кіші, ағайындар — бәріміз.
Айсұлу
Көтереді шаңырақ — Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам.
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім —
Таниды сені бар әлем бүгін.
Халқым айтқан: «Жер көтерер ел даңқын»,
Елім айтқан: «Ел көтерер жер даңқын».
Президентім, Елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Нұрым
Қазақ елі — Отаным,
Бақ-береке, байлығым.
Бар әлемге паш еткен,
Нұр аға — бастауы, бұлағым!
Камила
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше —
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Молдияр
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті елге қалдырды.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі, әрине,
Елбасының арқасы.