Халқы қанша
Сабақ тақырыбы
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары.
Сабақтың мақсаты
-
1
Оқушыларға Жапонияның шаруашылығы мен сыртқы байланыстарын түсіндіру.
-
2
Экологиялық сауаттылықты қалыптастыру.
-
3
Ой-өрісті дамыту, талдау және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
Сабақ типі
Аралас.
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс
Тарих.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, дүние жүзі саяси картасы.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, қатысымды түгендеу, сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
§23. «Жапонияның мемлекеттік құрылысы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы».
Қайталау сұрақтары
- Жерінің ауданы қанша?
- Халқы қанша?
- Астанасы қай қала?
- Мемлекеттік құрылымы қандай?
- Мемлекет басшысы кім?
- Үкімет басшысы кім?
- Заң шығарушы орган қалай аталады?
- Мемлекеттік тілі қандай?
- Ұлттық валютасы қандай?
3) Топтық жұмыс
Сынып 4 топқа бөлініп, берілген сұрақтар бойынша талқылау жасап, қысқаша қорытынды ұсынады.
I топ
- •Неліктен Жапонияны «Күншығыс елі» деп атайды?
- •Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай?
II топ
- •Жапония қандай аралдарда орналасқан?
- •Мемлекеттік құрылымы қандай?
III топ
- •Халқы аумақ бойынша қалай таралған?
- •Табиғат жағдайлары қандай?
IV топ
- •Экономикалық белсенді халықтың үлесі қандай?
- •Табиғат ресурстары аумақ бойынша қалай таралған?
4) Географиялық тест
-
Жапонияның ежелгі астанасы:
- A) Эдо
- B) Токио
- C) Фукусима
- D) Осака
-
Жапониядағы ұлттық дін:
- A) Буддизм
- B) Синтоизм
- C) Конфуцийшілдік
- D) Ламаизм
-
Жапонияның ең биік нүктесі:
- A) Ямогота
- B) Фудзияма
- C) Аро
- D) Танэгасима
-
Жапонияның атақты кинорежиссері:
- A) Такеши Китано
- B) Мао Цзэдун
- C) Юн Хи
- D) Токугава Иэясу
-
Ел аумағын қанша климаттық белдеу қиып өтеді?
- A) 3
- B) 5
- C) 4
- D) 6
-
Жапонияның ірі қаласы:
- A) Кавасаки
- B) Токайдо
- C) Касима
- D) Таяма
-
Жапонияның ірі өнеркәсіп бренді:
- A) Самсунг
- B) Сони
- C) Филипс
- D) Дэу
-
Жапонияның ұлттық спорт түрі:
- A) У-шу
- B) Самбо
- C) Сумо
- D) Дзюдо
-
Жапония қандай мемлекет?
- A) Штат
- B) Провинция
- C) Унитарлы
- D) Федерация
-
Халқының саны бойынша Жапония дүние жүзінде нешінші орында?
- A) 10
- B) 9
- C) 20
- D) 15