Асықтың артында жасырылған сұраққа жауап беріп, мергендігіңді көрсет
Сабақ туралы мәлімет
- Мекеме
- Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ж. Балапанов ауылы, «Қызылащы орта мектебі» КММ
- Пән
- Геометрия (8-сынып)
- Мұғалім
- Сарымсакова Нұргүл Салдарбекқызы
- Сабақ форматы
- Мультимедиялық аукцион-сабақ
Тақырып
«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс» тарауын қайталау және қорытындылау.
Ойға түрткі сөз
«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқам. Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқам. Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқам. Себебі, бесік жырын есітіп, ертегі тыңдап, салт-дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта берсең — шаба салады, бақыр берсең — ала салады, найза берсең — сұға салады, намыстанбай — бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқам».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы байланысқа қатысты тақырыптар бойынша өткен материалды жүйелеу, қорытындылау және бекіту.
Дамытушылық
Математикалық сауаттылықты арттыру, есептеу мәдениетін және дәлелдеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді өрнектерді ықшамдауда тиімді қолдануға үйрету; ұлттық ойындар арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Қайталау және қорытындылау сабағы.
Оқыту түрі
Ұжымдық және даралап оқыту.
Оқыту құралдары
Оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс
Алгебра, музыка, әдебиет.
Сабақтың құрылымы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа дайындау, назарды шоғырландыру.
-
2
Үй жұмысын тексеру
Қателермен жұмыс, қысқа талдау.
-
3
«Формула білесің бе?»
Еске түсіру және жедел сұрақтар.
-
4
Сергіту сәті (музыкалық тапсырма)
Музыка арқылы көңіл-күйді көтеру, ырғақты тапсырма.
-
5
Сұрақ–жауап («Асық ату» ойыны)
Жылдамдық пен дәлдікке құрылған тапсырмалар.
-
6
Кеспе қағаздарымен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.
-
7
Оқулықпен жұмыс
Есептер шығару және талдау.
-
8
Үй тапсырмасы
Келесі тақырыпқа дайындықпен байланыстыру.
-
9
Қорытынды
Нәтижені саралау, рефлексия, жеңімпазды анықтау.
Есеп үлгісі (үй тапсырмасын тексеру)
Берілгені
ABCD — дөңес төртбұрыш. A және D бұрыштары тең және 90°-қа тең. AD мәнін табу керек.
Шешуі
1) ABC — тікбұрышты үшбұрыш, сондықтан AC — гипотенуза:
AC² = AB² + BC² = 6² + 8² = 36 + 64 = 100, сонда AC = 10
2) ADC — тікбұрышты үшбұрыш, мұнда да AC — гипотенуза. Егер AD = x, DC = 3x болса:
AD² + DC² = AC² ⟹ x² + (3x)² = 10² ⟹ x² + 9x² = 100 ⟹ 10x² = 100 ⟹ x² = 10 ⟹ x = √10
Жауабы: x = √10