Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады

Қазақстан қалалары бойынша Рамазан кестесі (2017)

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылы Қазақстан қалалары бойынша Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.

Биылғы ораза мерзімі

Естеріңізге саламыз: биыл мұсылмандар 27 мамырдан бастап 25 маусымға дейін, барлығы 29 күн ауыз бекітеді.

Басталуы

27 мамыр

Аяқталуы

25 маусым

Ұзақтығы

29 күн

Пітір садақа мөлшері

Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Өткен жылы бұл мөлшер 200 теңге болған.

Қашан беруге болады?

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап Ораза айт намазына дейін беруге болады.