Мекен үстеулері

Сабақ тақырыбы: Мекен үстеулері (4-сынып)

Бұл сабақта оқушылар үстеу туралы білімін толықтырып, мекен үстеулерінің мағынасын ажыратып үйренеді.

Негізгі ұғым

Қайда? сұрағына жауап беретін үстеулер мекен үстеулері деп аталады.

Мысал

жоғары көтерілді

Мысал

ілгері жүрді

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың рухани-психологиялық ахуалын ескере отырып, үстеу туралы білімін кеңейту, мекен үстеулері жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Дамыта оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылық және танымдық қабілетті дамыту, тіл байлығын жетілдіру.

Тәрбиелік

Табиғатты сүюге, құстар мен гүлдерді қорғауға тәрбиелеу. Ойын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрден тыс
Сабақ формасы
Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Көрнекілік
Интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, бейнелі суреттер, тест жұмысы
Педагогикалық технологиялар
Дамыта оқыту технологиясы, СТО элементтері, ойын технологиясы
Әдіс-тәсілдер
Репродуктивтік, сөздік, көрнекілік, іс-тәжірибелік, ойын әдістері
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, дүниетану

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін шағын жұмбақ ұсынылады.

Жұмбақ

Күндіз бар, түнде жоқ.

Жауабы

Күн

Сәлем, достар! Көзімді таңмен ашамын, әлемге нұр шашамын. Мен — алтын күннің сәулесімін. Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма? Ендеше бір-бірімізге күлкі сыйлайық.

Оқушылар бір-біріне қарап жымияды.

Ойын: «Түс таңда»

Мақсаты: оқушыларды таңдаған түсі бойынша топқа бөліп, сабаққа белсенді қатысуға бағыттау.

I топ — Қызыл

Ұшқыр ойлы, алғыр, кез келген жағдайда ойланып шешім қабылдайды.

II топ — Сары

Арманшыл, болашаққа ұмтылады, өткенді жиі еске алады.

III топ — Жасыл

Ынталы, әр жағдайда өзін жақсы қырынан көрсете біледі.

IV топ — Көк

Зейінді, сыпайы, бәрін ақылмен және сабырмен шешеді.

Қызығушылық ояту: «Артық сөзді тап»

Төмендегі сөздерді оқып, артық сөзді анықтаңдар:

алдында артында жанында жоғарыда төменде маңында қасында мектепте

Бұл тапсырма арқылы балалар мекенді білдіретін сөздердің мағынасына назар аударып, бүгінгі тақырыпқа біртіндеп бағытталады.

Жағымды көңіл-күй қалыптастыру

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз біз де —
Арайлап атқан күнге!