Сабаққа барлығың дайын болыңдар
Сабақтың мақсаты
Қазақстанның өзендері туралы оқушылардың білім деңгейін анықтау және тақырыпты терең ұғынуына бағытталған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері
а) Білімділік
Қазақстан өзендерінің ерекшеліктері мен географиялық орны туралы білімді ұғындыру арқылы оқу-біліктілік құзыреттіліктерін қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік
- Зияткерлік өзіндік даму тәсілдерін меңгерту арқылы тұлғалық өзіндік жаңашылдану құзыреттіліктерін қалыптастыру.
- Азаматтық-қоғамдық құзыреттіліктерді дамыту барысында отаншылдықты және өз еліне мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
- Табиғатқа өнегелі-эстетикалық, әсерлі-құндылықты қатынас қалыптастыру арқылы мәдени құзыреттіліктерді дамыту.
б) Дамытушылық
- Географиялық ой-өрісті және пәнге қызығушылықты дамыту.
- Теориялық білімді берілген аймаққа қолдану, негізгі ойды бөліп алу дағдыларын жетілдіру.
- Картографиялық материалмен және оқулықпен тиімді жұмыс істеуді дамыту.
- Өздігінен жұмыс жасау, нәтижені қорытындылау, өзін-өзі тексеру және талдау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдістемелік тәсілдер
Ұйымдастыру формалары
- Фронтальды жұмыс
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Әдістер (қысқаша құрылым)
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру: ауызша-көрнекі; эвристикалық; дедуктивтік; біріктіру мен талдау; жіктеу; әңгімелесу элементтері бар өздік жұмыс.
Ынталандыру және уәждеу: сендіру, үйрету, мадақтау; жаңалық әсері, табысты жағдай құру.
Тексеру және өзін-өзі тексеру: ауызша, фронтальды, топтық.
Сабақтың жоспары (45 минут)
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Эмоционалдық көңіл күй қалыптастыру: «Қайырлы күн! Сабаққа түгел дайын болыңдар. Жұмыс орындарыңды тексеріңдер. Бүгін сендерді сабақта көргеніме қуаныштымын. Бірлесе жұмыс істеуіміз тиімді әрі қызықты болады деп ойлаймын».
Психологиялық ахуал: «Шапалақтан салют»
Оқушылар өздеріне ұнаған сөйлемдерді таңдап, әрбір таңдауға қысқа шапалақ соғады.
- Мен мектепте сабақтамын.
- Мен қазір оқуды бастаймын.
- Мен барлаушы сияқты бәрін байқап отырамын.
- Менің есте сақтау қабілетім мықты.
- Мен сабақта зейінді боламын.
- Менің көңіл күйім жақсы.
- Менің оқығым келеді.
- Мен жұмыс істеуге дайынмын.
II. Шақыру сатысы
Тәсіл: «Дәйексөзді түсіндіріңдер»
«Су тамшысы алмастан артық». — Д. И. Менделеев
Сабақтың құндылық бағыты: тұщы судың негізгі көзі — өзендер.
Тәсіл: «Сенемін — сенбеймін»
Оқушылар әр тұжырымға «+ сенемін» немесе «– сенбеймін» деп белгі қояды (сабақ басында және сабақ соңында қайта тексеріледі).
- Қазақстанда ірі өзендер көп.
- Барлық өзендер суларын міндетті түрде мұхитқа құяды.
- Биік таулы аудандарда өзендер көп.
- Қазақстанның ең ірі өзені — Ертіс.
- Ең лайлы өзендер тауда ағады.
- Оңтүстікке қарағанда солтүстікте өзендер аз.
- Тау өзендері ертерек қатады.
III. Ұғу сатысы (Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар)
Білім көзі: оқулық (124–125-бет, §24), Қазақстанның физикалық картасы.
1) Білім
- Қазақстанның өзендері қай ағын алаптарына жатады?
- Қазақстан өзендерінің саны қанша?
- Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендерді анықтаңдар.
Тәсіл: «Шиеленген логикалық тізбек»
Қазақстанның екі алабы арасындағы суайрықтарды картадан табыңдар: Сарыарқа, Торғай үстірті, Оңтүстік Орал, Сауыр–Тарбағатай. Жұппен жұмыс істеп, оларды картадан батыстан шығысқа қарай көрсетіңдер.
Тәсіл: «Сәйкес келтіру»
«Ағын алабы — өзендер» жұптарын дұрыс сәйкестендіріңдер.
1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы
В) Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен)
2) Каспий теңізі алабы
А) Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қараөзен, Сарыөзен
3) Арал теңізі алабы
С) Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Талас, Ырғыз
4) Балқаш–Алакөл алабы
Д) Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек
Тәсіл: INSERT («Дәптердің шетіндегі жазулар»)
«Судың шығыны және жылдық ағын» мәтінін оқып, дәптер шетіне шартты белгілер қойыңдар. Кестені толтыру барысында тек маңызды тұстарды белгілеңдер, талқылау кезінде толықтырыңдар.
2) Түсіну: Оқулықтың 124–127-беттерін пайдаланып, жұппен жұмыс істей отырып, Қазақстан өзендерін бір-бірінен ажырататын ерекшеліктерге мысалдар келтіріңдер.
Тәсіл: «Кластер»
Өзендердің қоректену түрлерін (оқулық, 126-бет) сызба/кластер түрінде көрсетіңдер.