Етістік шақтарына тоқталу, табу
Тараз қаласы
А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі — Инкарбаева Жанар Ержанқызы.
Кіріспе өлең: «Бұл кімдер?»
Алып жатқан жан-жақты,
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып кім жақты,
Жердегі көп жұлдызды?
Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер?
Шекарада сақ тұрып,
Көз ілмей кім шығады?
Ерте өріске ат мініп,
Қой жайып кім шығады?
Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер?
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
«Бұл кімдер?»
Күтілетін нәтиже
- Мамандықтардың қызметі туралы мәлімет алады.
- Етістіктің шақтарын ажырата білуге дағдыланады.
Мақсат
- Білімдік: мамандықтардың қызметі туралы түсінік беру; етістіктің шақтарын ажыратуға үйрету.
- Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Тәрбиелік: достыққа, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы
- Типі
- Қайталау сабағы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, ойын.
- Көрнекіліктер
- Мамандық суреттері, қоржын, асықтар, топтастыру парағы, семантикалық карта, салыстыру тапсырмалары, жұмбақтар, өлеңдер.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Топтастыру: «Мамандықтар»
Кестені толтыру үшін жұмбақтарды шешеміз:
-
Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?Жауабы: Ұшқыш
-
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Сөлпісін жөндеп,
Кім көйлек тігетін?Жауабы: Тігінші
-
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.Жауабы: Аспаз
-
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалтылдайтын.Жауабы: Шаштараз
-
Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.Жауабы: Етікші
-
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.Жауабы: Ұстаз
-
Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы.Жауабы: Мұғалім
-
Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын —
Кім сурет салады?Жауабы: Суретші
III. Сөздікпен жұмыс
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Көз ілмей | не смыкая глаз |
| Бұл жайлы | об этом |
| Айдын | водное пространство |
| Шарлау | объездить |
| Шекара | граница |
| Шыдау | терпеть |
| Ғарыш | космос |
| Мұхит | океан |
IV. Өлеңді оқу және етістіктің шақтарын табу
Оқулықтағы (101-бет) «Бұл кімдер?» өлеңін тізбектей оқып, өлең ішінен етістіктерді тауып, олардың шақтарын анықтаймыз.
Мәтін (үзінді):
Алып жатқан жан-жақты,
Шекарада сақ тұрып,
Үйлерді кім тұрғызды?
Көз ілмей кім шығады?
Жарқыратып кім жақты,
Ерте өріске ат мініп,
Жердегі көп жұлдызды?
Қой жайып кім шығады?
Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер?
V. Салыстыру: «Етістіктің шақтары»
Осы шақ, келер шақ, өткен шақ белгілерін салыстырып, әр шақтың жасалу жолдарын еске түсіреміз.
VI. Деңгейлік тапсырмалар
1-топ
Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып, етістіктің шағын анықтайды.
2-топ
Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып, етістікті үш шақта жазады.
3-топ
Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып, етістікті жіктейді.
VII. Семантикалық картамен жұмыс
«Күту» етістігін үш жақта жіктеп, осы шақ, келер шақ және өткен шақ түрлерін кестеге түсіреміз.
| Жақ | Осы шақ | Келер шақ | Өткен шақ |
|---|---|---|---|
| Мен | — | — | — |
| Сен | — | — | — |
| Сіз | — | — | — |
| Ол | — | — | — |
VIII. «Сиқырлы қоржын» ойыны
Асықтағы белгіленген санға сәйкес сұрақтарды таңдап, жауап береміз.
№1
- Кім нан пісіреді?
- Етістік дегеніміз не? Етістіктің неше шағы бар?
№2
- Кім бала оқытады?
- Осы шақ қалай жасалады?
№3
Сыйлық.
№4
- Кім сурет салады?
- Келер шақ қалай жасалады?
№5
Музыкалық сәлемдеме.
№6
- Кім үй салады?
- Өткен шақ қалай жасалады?
IX. Шығармашылық тапсырма
Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар мамандықтар туралы өлең жолдарын көрініс ретінде дайындап, мәнерлеп оқиды.
Мұғалім
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
Ұстаздықты үлгі етіп,
Мұғалім болғым келеді.
Аспаз
Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп,
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толғанда,
Мен де аспаз боламын.
Өрт сөндіруші
Сеніңіздер сөзіме,
Қызыл жалын — от деген.
Өрт сөндіргіш өзіме,
Мойын ұсынбай кетпеген.
Ұшқыш
Көкті шарлап, түн қатып,
Ұшқыш болу — бір бақыт.
Жолаушылар тасимын,
Ұшақпенен зырлатып.
Зергер
Білесің бе бұл істі —
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
Сапырады судайын.
X. Үй тапсырмасы
101-бет, 2-тапсырма.
XI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады.
| Аты-жөні | Баға | Жұмбақ | Өлең оқу | Деңгейлік тапсырма | Семантикалық карта | Сиқырлы қоржын | Шығармашылық тапсырма |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| — | — | — | — | — | — | — | — |
Қорытынды
Сабақ барысында оқушылар мамандық атауларын жүйелеп, олардың қызметін сипаттады; өлең мәтіні арқылы етістіктің шақтарын қайталап, тапсырмалар мен ойын арқылы білімдерін бекітті.