Дәрумендерді топтастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Лексикалық тақырып
Дәрумендер (3-сынып)
Грамматикалық тақырып
Көрсетілмеген
Сабақ мақсаты
Оқушыларды тағам атауларын қазақша атауға және жазуға үйрету.
Жетістік критерийлері
Оқушылар тағам атауларымен толығырақ танысады.
Тілдік мақсат
Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Алдыңғы оқу
«Қанша тұрады?»
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, АКТ (тақта).
Құндылықтар
Одақтастық, құрмет.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Көңіл күйін сұрау.
  • Үй жұмысын тексеру.

1-тапсырма: Тыңда, оқы

Дәрумен

A дәрумені

Дәрумен

B дәрумені

Дәрумен

C дәрумені

Дәрумен

D дәрумені

2-тапсырма: Тыңда, оқы

Балам, сүт іш. Сүтте A дәрумені бар.

4-тапсырма: Қандай дәрумендер бар? (суретпен)

Мысал

Балықта A дәрумені бар.

Мысал

Нанда B дәрумені бар.

Мысал

Алмада C дәрумені бар.

Мысал

Жұмыртқада D дәрумені бар.

5-тапсырма: Диалог құру (жұптық жұмыс)

Сөздер банкі

Сәбіз, асқабақ, жұмыртқа, ет, қызанақ, лимон, балық, ірімшік

Диалог үлгісі

Сәлем, …

Сәлем, …

Саған сәбіз жеу керек.

Неге?

Сәбізде A дәрумені бар.

A дәрумені денсаулықты нығайта ма?

Иә, A дәрумені денсаулықты нығайтады.

6-тапсырма: Дәрумендерді топтастыру (топтық жұмыс)

Берілген тағамдарды дәрумен түрлеріне қарай топтастырыңыз.

A дәрумені

  • Асқабақ
  • Сәбіз
  • Май
  • Жұмыртқа
  • Сүт

Ескерту

Қажет болса, басқа дәрумендерге арналған бағандарды да қосып, үлгі бойынша толықтырыңыз.

Кубик ойыны (топтық жұмыс)

Әр топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады. Түскен сұраққа жауап беріп, өз тобына ұпай жинайды.

  1. Сен неше жастасың?
  2. Сен қай сыныпта оқисың?
  3. Сенің ең жақын адамдарың кім?
  4. Сен кімге ұқсайсың?
  5. Сен 9 жастасың, ал Саша 12 жаста. Ол сенен үлкен бе, әлде кіші ме?
  6. Сіздің үйде қандай бөлмелер бар?
  7. Сенің бөлмеңде нелер бар?
  8. Сен ойыншықтарыңды қайда жинайсың?
  9. Сен кітаптарыңды қайда қоясың?
  10. Сен киімдеріңді қайда ілесің?
  11. Күн ұзақ па, әлде апта ұзақ па?
  12. Апта ұзақ па, әлде ай ұзақ па?
  13. Ай ұзақ па, әлде жыл ұзақ па?
  14. 1 аптада неше күн бар?
  15. 1 жылда неше күн бар?
  16. 1 айда неше күн бар?
  17. Апта күндерін атап берші.
  18. Күз айларын ата.
  19. Көктем айларын ата.
  20. Қыс айларын ата.
  21. Жаз айларын ата.

Қорытынды бөлім

Қорытындылау

Сабақ мазмұнын қайталау, негізгі ойларды бекіту.

Рефлексия

Оқушылардың өз жұмысына баға беруі, кері байланыс.

Суммативті бағалау

Оқу мақсаттарына жету деңгейін бағалау.

Мұғалім

Кулакова А. К.

Тақырып: «Дәрумендер»