Жай бөлшектерді қысқарту

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, математика пәні мұғалімі — Ғұбайдуллина Венера Нұртайқызы.

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға жай бөлшек ұғымын, оны қысқартуды және негізгі қасиетін түсіндіру; есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Алған білімдерін күнделікті өмірде және басқа пәндерде қолдана білуге үйрету; өз бетінше есеп шығару қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, ұшқыр ойлауға, сыни тұрғыдан пайымдауға, тазалық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Кезеңдер

  1. I Ұйымдастыру.
  2. II Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты еске түсіру, қайталау және бекіту («Қайталау — оқу анасы»).
  3. III Есеп шығару.
  4. IV «Математика» кроссворды.
  5. V Тірек-сызба бойынша жұмыс. Сабақты қорытындылау.
  6. VI Үйге тапсырма.
  7. VII Бағалау.

Негізгі ой

Бұл сабақта оқушылар жай бөлшектің негізгі қасиетін және жай бөлшектерді қысқарту тәсілдерін қайталап, қолдану арқылы бекітеді.

Кілт сұрақтар:

  • Жай бөлшектің қандай қасиеті бар?
  • Жай бөлшекті қысқарту дегеніміз не?

Үй тапсырмасы (тексеру): №430

Есептеулер

  • Н. (1675 + 9562 − 7511) : 54 = 69
  • Р. (65 + 2240 : 35)(521 − 478) = 3
  • Д. (12 + (1326 − 1284) · 214) : 450 = 20
  • И. (1856 + 781 − 2576) · 210 : 435 = 28
  • В. 3000 : (75 · 8) + 360 : (60 + 12) = 10
  • А. (92 + 18 · 2) : 25 · (236 − 7 · 33) = 40

Жауабы арқылы шығатын сөз:

ДАРВИН

Қайталау: «Формулалар сөйлейді»

Жолдың формуласы
s = vt
Үшбұрыштың периметрі
P = a + b + c
Тік төртбұрыштың периметрі
P = 2(a + b)
Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемі
V = abc
Кубтың көлемі
V = a³
Тік төртбұрыштың ауданы
S = ab

Есеп шығару: «Білімді мыңды жығады»

Кітаппен жұмыс: №451

Киіз үйдің биіктігі 4 м 20 см. Бұл — оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысы. Керегенің биіктігі 1 м 60 см, уық бөлігінің биіктігі 2 м. Шаңырақтың биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды?

Есептеу

420 − (160 + 200) = 60 (см)

Ізделінетін бөлік

Шаңырақтың биіктігі: 60 см. Демек, киіз үй биіктігінің үлесі: 60/420 (қысқартуға болады).

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу

Жүктеу