Өлім мен өмір жолыБір жолы өзеннен балық аулап жүріп, сушаянын аулап алған бір қартқа кезігіп қалдым
Өлім мен өмір жолы
Бір күні өзен жағасында балық аулап жүргенімде, су шаянын ұстап алған бір қарияға жолықтым. Қарттың арқасына көтерген шарбағының қақпағы жабылмай қалыпты.
— Атай, шарбағыңыздың қақпағын жаппай қалыпсыз, — дедім шын ниетпен ескертіп.
Қарт иман жүзбен маған қарап: — Ақ ниетіңнен айналайын, рахмет, — деді де, сөзін жалғады:
— Жігітім, су шаяны салынған шарбақтың қақпағын жаппасақ та болады. Егер бір су шаяны өрмелеп шықпақ болса, басқалары оны қысып, жібермейді. Шынын айтқанда, бірде-бірі қашып құтыла алмайды.
Қарттың осы сөзі ойыма терең ой салды: кейбір адамдар да дәл сол су шаяны сияқты — біреудің алға ұмтылғанын көрсе, қолдау орнына кері тартады.
Тар есікке тірелген тағдыр
Әлі есімде, бір өңірде қатты жер сілкінісі болды. Сол кезде шағын көмір кенішіндегі жұмысшылар сыртқа қарай тұра қашып, бір-біріне жол бермей кимеледі. Кеніштің аузы тым тар болғандықтан, шығаберісте кептеліс пайда болып, ақыры бірде-бірі ажалдың құрығынан құтыла алмады.
Сабыр мен тәртіптің күші
Ал осы маңдағы тағы бір шағын көмір кенішінде дәл сол сәтте басшы сабыр сақтап: «Көпшілік, кимелемеңдер. Бір-бірден шығыңдар» — деп, өзі жан сауғалауға асықпай, жұрттың артында қалып, адамдарға басшылық еткен екен.
Соның арқасында жиырмадан аса жұмысшы дін-аман сыртқа шығыпты. Кеніш басшысы да қауіптен аман қалыпты.
Қорытынды ой
Өмір дегеніміз де осындай: егер сіз өзгеге өмір жолын бермесеңіз, айналып келгенде өз жолыңыз да бөгеледі. Біреуге орын бермеу — шын мәнінде, өзіңізге орын бермеу.