Жаңа сабақты меңгеруге арналған тапсырмалар

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ негізгі жалпы білім беру мектебі

Пән мұғалімі

Муслимова Гульфарида Социалқызы

Пән / Сынып

Химия, 8-сынып

Сабақ тақырыбы

Қышқылдар

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі — қышқылдар туралы түсінік қалыптастыру: олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы және зияны.

  • Қышқылдар мысалында бейорганикалық қосылыстар туралы білімдерін дамыту.

  • Оқушыларды белсенділікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Жаңа сабақты меңгерту.

I. Жаңа сабақты меңгеруге арналған тапсырмалар

1) Қышқылдар туралы білімді еске түсіру

Төмендегі сызба бойынша негізгі ұғымдарды жүйелеңіз.

Уақыты: 15 минут

Анықтамасы

Қышқылдың мәнін қысқаша сипаттау.

Құрамы

Қандай бөлшектерден тұратынын көрсету.

Жіктелуі

Түрлері мен топтарын ажырату.

Химиялық формуласы

Формула жазылу ережесін еске түсіру.

Атаулары

Қышқыл атауларын дұрыс қолдану.

Элемент және қосылыс валенттілігі

Валенттілікке сүйеніп формула құрастыру.

Қауіпсіздік техникасы

Қышқылдармен жұмыс істеу ережелері.

Қолданылуы

Тұрмыста және өндірісте қолдану мысалдары.

Маңызды түйін

Негізгі қорытынды ойды бір сөйлеммен тұжырымдау.