Жарқырап жұлдыз болсам

Мағжан Жұмабаев

Зуһра деген қыз бала,
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
Жарқырап жұлдыз болсам! - деп,
Жалынып көктен сұрайды.
Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.
Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.
Кез ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.
Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын - Зуһра бол!



Ұқсас жұмыстар

Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Мұқағали Мақатаев туралы
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Әскер – ел қорғаны
Бақыт Беделханұлы: ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ. .
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі туралы
Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы
Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Жарқырап бостандықтан сәуле түсті - Жабырқаған халықтың көңілі өсті
Абай Құнанбаев - өнегелі өмірін өлеңмен өріп, артына мәңгілік мұра қалдырған қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы
Ол - торпақ, мен болсам - таразы, Астында Шолпанның жүреміз
Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді
1988 жылдан Жұлдыз журналының бас редакторы