Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айту

Кестелік қосу және азайту: +2, −2

Бұл сабақта 2-ні қосу және 2-ні азайту бойынша кестелік жағдайлар бекітіледі. Оқушылар сан құрамы туралы білімін қолдана отырып, есептеулерді жылдам әрі дәл орындауға үйренеді.

Сабақтың мақсаты

  • Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту.
  • Кестелік қосу мен азайтудың 2-кезеңін қалыптастыру.

Нәтиже (күтілетін жетістік)

  • 2 санын қосу кестесін және сан құрамының сәйкес жағдайларын біледі.
  • Есептеулерде кестелік білімді тиімді қолданады.

Білімділік

2-ні қосу кестесін және сан құрамын меңгерту, есептеулер жүргізуде қолдану білігін қалыптастыру.

Дамытушылық

Тапқырлықты, ой ұшқырлығын, шығармашылық қабілетті, сөйлеу тілін және өздігінен әрекеттенуді дамыту.

Тәрбиелік

Рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас қалыптастыру, дүниетанымды кеңейту, имандылық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту.

Принциптері

  • Біртұтастық
  • Жүйелілік
  • Ғылымилық

Көрнекіліктер

  • Сызба
  • Сандар класы
  • Ойын түрлері
  • Интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

Қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, ажырату, дәлелдеу, топтау, салыстыру, жинақтау, ізденушілік.

Сабақ барысы

I. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең.

«Жауабын тез тап» ойыны

Топ 1

  • 8 + 2
  • 9 − 2
  • 6 + 2
  • 7 − 2

Топ 2

  • 9 + 2
  • 11 − 2
  • 10 + 2
  • 12 − 2

«Үндемес» ойыны

Оқушылар есептеулерді дауыстамай орындайды: нәтижені карточкамен немесе белгі арқылы көрсетеді. Бұл тәсіл зейін мен жылдамдықты арттырады.

II. Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең.

1-сынып тапсырмалары

+2 / −2

№1. Оқы, мәнін тап

  • 3 + 2
  • 4 + 2
  • 2 + 3
  • 2 + 4

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.

№2. Өрнек құрастыр

  • 4 + 2
  • 5 + 2
  • 6 − 2
  • 7 − 2

Қосу мен азайту — өзара кері амалдар.

№3. Есепті шығар

Мұғалім ұсынған мәтінді есеп бойынша шешімін тап.

№4. Бос орынды толтыр

  • 5 + … = 7
  • 8 + … = 10
  • 6 − … = 4
  • 7 + … = 9

№5. Қосындылар мен айырмалар құр

Қосу

… + 2 = …

Азайту

… − 2 = …

2-сынып тапсырмалары

а айнымалысы

№1. Қосындының және айырманың мәндерін тап

  • 9 + 2
  • 2 + 9
  • 11 − 2
  • 11 − 9

№2. Теңдеулерді шеш

  • a + 2 = 11
  • a − 9 = 2
  • 11 − a = 2

№3. Есепті шығар

Мұғалім ұсынған мәтінді есеп бойынша шешімін негізде.

№4. Өрнекті жаз және мәнін тап

  • (а)

    1 санына 1 мен 9 санының қосындысын қос.

  • (ә)

    11 мен 1 санының айырмасынан 8-ді азайт.

№5. Өрнектің мәнін тап

a + 2

a мәндері: 30, 50, 9

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Тлеу Мария.