Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Мақсаттары
- «Дос» және «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
- Оқушылардың айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниетін дамыту.
- Жауапкершілік пен сезімталдыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін түсінеді, достық қарым-қатынастағы өзара қолдау мен жауапкершіліктің маңызын ұғынады.
Түйінді идея
Жақсымен дос болсаң — жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң — қаларсың ұятқа.
Сабақтың мазмұны
Кезең-кезеңімен жоспарланған әрекеттер
1) Тұлғааралық байланысты орнату
Уақыты: 3 минутМұғалімнің іс-әрекеті
- Амандасу.
- «Достық торы» жаттығуын ұйымдастыру: оқушыларды «шаттық шеңберіне» шақырып, ойынның ережесін түсіндіру.
Оқушының іс-әрекеті
- Шаттық шеңберіне жиналады.
- Бір-біріне жіпті ұсынып, жылы тілектер айта отырып «достық торын» құрастырады.
Ресурстар
Ойын ережесі, жіп.
2) Топқа бөлу (мозаика әдісі)
Уақыты: 5 минутМұғалімнің іс-әрекеті
«Мозаика» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлуге ықпал етеді.
Оқушының іс-әрекеті
Достық туралы өлең шумақтары арқылы үш топқа бөлінеді.
1-топ
Дос жүрегі — шар айна, Сылтауыңа қарай ма? Бүлдіріп алма қалайда, Кір шалдырма, жарай ма! Шимайланса шар айна, Жанарды тартар жалтырап, Дос жүрегі — бал бұлақ.
2-топ
Сырлары жатар сылдырап, Былғама оны сен бірақ. Кәусарымен қандырар, Келгеніңде қалжырап. Шексіз ғой деп ойлама — Дос жүрегі кең дала.
3-топ
Дос жүрегі — балапан, Алақан керек, алақан. Жылылық керек және оған — Жүрегіңнен тараған. Қырандар салар ұясын — Дос жүрегі қия шың.
3) Мағынаны тану: ой қозғау сұрақтары
Уақыты: 2 минутМұғалімнің іс-әрекеті
Слайдтағы жадынама-презентация арқылы ой тастайды және талқылауға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті
Әр топ сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін ортаға салады.
Талқылау сұрақтары
- Достық пен жолдастықтың айырмашылығы неде?
- Егер досыңмен мақсат, талап немесе талғамың үйлеспесе, не істер едің?
- Досыңның ортақ мүддеде және бір көзқараста болуы міндетті ме?
Ресурстар
Слайд, сұрақтар желісі.
4) Қозғалыс арқылы топқа бөлу (пантомима)
Қысқа сергітуОқушының іс-әрекеті
Нұсқау бойынша жануарлардың жүрісін пантомима арқылы көрсетіп, топтарға бөлінеді:
- 1-топ: аюдың жүрісі
- 2-топ: кенгурудың жүрісі
- 3-топ: қоянның жүрісі
Ресурстар
Интерактивті тақта, жаттығуға арналған нұсқау, аюдың, кенгурудың, қоянның суреттері.
5) Топтық жұмыс: «Джиксо» әдісі
Уақыты: 12 минутМұғалімнің іс-әрекеті
«Джиксо» әдісі бойынша топтық жұмысты ұйымдастырады, бағыт береді, уақытты қадағалайды.
Оқушының іс-әрекеті
Берілген мәтінді талдап, негізгі түйінін анықтап, қорғайды.
1-топ
Ел аузынан (Әйтімбет шешеннің сөздері): флипчартқа ойды сурет арқылы бейнелеу.
2-топ
Курд ертегісі: жадынама құрастыру.
3-топ
Бауыржан Момышұлының даналық сөздері: жағдаяттарды талдау.
Ресурстар
Интерактивті тақтадағы сұрақтар, мәтіннің бөлшектенген бөліктері, флипчарт.
6) Тренинг: «Жан досым»
Уақыты: 8 минутМұғалімнің іс-әрекеті
Тренингтің мақсатын түсіндіріп, нұсқау береді және қорытындылауға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті
- Сынып ішінен өздерін «мықты доспыз» деп санайтын жұптар анықталады (әр топтан 2 жұп).
- Тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, досы туралы ақпаратты ақ параққа жазады.
- Соңында жауаптары досының пікірімен қаншалықты сәйкес келетінін салыстырады: сәйкес келсе — бір қадам алға, сәйкес келмесе — орнында қалады.
Ресурстар
Интерактивті тақтадағы тренинг нұсқауы.
7) Ой-толғау: «Дос іздеу» жарнамасы
Уақыты: 10 минутМұғалімнің іс-әрекеті
- «Дос іздеу» жарнамасын құрастыруды ұйымдастырады.
- Ой қорытуға, өзін таныту мәдениетін дамытуға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті
Өз бойындағы жақсы қасиеттерін атап, қысқа мәлімет беріп, өзін «жарнамалап» жапсырма қағазға жазып іледі.
Ресурстар
Интерактивті тақта, нұсқау, жапсырма қағаздар, смайлик суреттері.
Үй тапсырмасы
«Дос жүрегі — шар айна» тақырыбында эссе жазу.