Ойлап табыңдар, балалар

Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі

Зал іші әдемі безендірілген: ортада шырша, айналасында түрлі ойыншықтар ілінген. Музыка әуенімен әртүрлі киінген балалар залға кіреді.

Ертеңгілік Шырша Өлең • Ән • Би

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Айналамыз тебірене жаңа жыр.

Төрле, төрле, құтты жыл,

Халыққа әр күн төгіп нұр.

Төрле, төрле, құтты жыл,

Қуаныштан айналады әлем – жыр.

Балалардың қуанышында шек болмай,

Жүректері қуаныштан толқып тұр.

2-жүргізуші

Құрметті ата-аналар және ұстаздар!

Барлығыңыздың бүгінгі Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келе жатқан доңыз жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін.

«Қошақан» тобының «Келді, міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілігін ашуға рұқсат етіңіздер.

3-жүргізуші

Сіздер үшін әр күніміз – жырымыз,

Ағылсын тек тәтті әуен мен әніміз.

Ақ пейілді жақсы адамдар, кеш жарық,

Сәлем, достар! Армысыздар бәріңіз!

Хор және шыршамен амандасу

Хор

«Шырша жыры» («Тауда туып»)

Диалог

Балалар: Шыршамыздың шамы неге жанбай тұр?

Балалар: Білмейміз.

Балалар: Мүмкін, біз шыршамен мереке басында амандаспаған шығармыз?

Балалар: Шырша бізге ренжіп қалған болар.

Жүргізуші: Олай болса, шыршаға арнап тақпақтар айтып берейік.

1-оқушы

Жасыл шырша төрдегі,

Дейді: «Бәрің көр мені!»

Кеткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

Аққаланың келуі және хат

Сахналық көрініс: «Мен қардың сыдырын естіп тұрмын…» Аққала қолында хат ұстап жүгіріп келіп, залға кіре бере құлап қалады.

Диалог

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аққала! Бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?

Аққала: Жоқ, әдейі құладым, сендерді күлдірейін деп. Сендерге хат алып келдім.

Жүргізуші: Хат кімнен екен?

Аққала: Ойлап табыңдар, балалар. Жаңа жылда кім көп сыйлық береді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!

Аққала: Қандай тапқырсыңдар!

Жүргізуші (хатты оқиды): «Біз қазір сендердің тойларыңа барамыз.»

2-оқушы

Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Кіп-кішкентай доп қана,

Бірі әкеліп қар үйіп,

Бірі қарға аз құйып,

Күліседі күлімдеп,

Бітірейік деп қана.

Көңілді ойын және би

Аққала

Рахмет, балалар! Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Суықтан қорқасыңдар ма?

Қолдарың тоңса не істейсіңдер? — Шапалақ соғамыз.

Аяқтарың тоңса не істейсіңдер? — Аяғымызды топырлатамыз.

Ендеше, тоңып қалмас үшін бәріміз орнымыздан тұрып, көңілді би билейік!

Сахналық белгі: Балалар билеп жатқанда, залға Жалмауыз кемпір ұшып кіріп келеді.

Жалмауыз кемпір мен Түлкінің араласуы

Жалмауыз кемпір

Орманның үстінде ұшып жүріп, балалардың билегенін көрдім. Көріп ашуым келді!

Менен сұрамай неге билейсіңдер? Сендерді кім жіберді?

Сахналық әрекет: Аққаланың жанына келіп, оны итеріп жібереді.

Диалог

Жүргізуші: Кешіріңіз, сіз кімсіз? Мұнда қалай келдіңіз?

Жалмауыз кемпір: Мен жалмауыз кемпірмін. Менің шақыру қағазым бар!

Жүргізуші: Иә, бұл туған күн кешіне арналған шақыру билеті екен. Ал бізде түлкі жоқ — бұл Жаңа жыл кеші.

Жалмауыз кемпір: Егер бұл Жаңа жыл кеші болса, онда мен Ақшақар боламын!

Түлкінің келуі

Сахналық белгі: Түлкі жан-жағына алақтап кіріп келеді.

Түлкі: Сәлеметсіз бе, құдағи?

Жалмауыз кемпір: Сәлеметсің бе, көгершінім менің.

Жүргізуші: Жетпей тұрғаны — түлкі еді.

Ескі жылмен қоштасу

Аққала: Жаңа ғана Ескі жыл жүрген еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай, қамығып жүрген шығар. Рахмет айтып, ортаға алайық.

3-бала

Ескі жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қуантып талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

4-бала

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілге жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс —

Әкелген көп жақсылық.

Би

Гномдар биі

Жаңа жылдың келуі

Түлкі: Алақай, алақай, Жаңа жыл келеді! Кәне, қарсы алайық!

Сахналық белгі: Осы кезде Жаңа жыл келеді.

Жүргізуші

Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып,

Қонысың құтты болсын, доңыз жылы!

Қонарсың елімізге ырыс болып.

Ескі жыл

Бүгіннен ертең ғаламат,

Алдыңғы сапта боларсың.

Келер жыл — соған аманат.

Қош сау болыңдар, балалар!

Жаңа жыл

Рахмет, балалар! Мені бөтенсітпей, шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет.

Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Біз 365 күн бірге боламыз.

Айтпақшы, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па? Осылай қарап кетіп еді…

Ендеше, жақындаңдар! Жаңа жылды ортаға алып ән шырқайық. Аяз ата дауысымызды естіп тез келсін!

Хор

«Елка жыры» («Аппақ, аппақ»)

Аяз атаның келуі

Мыстан: Алақай, алақай! Аяз ата келді!

Аяз ата

Амансыңдар ма, ұлдарым?

Амансыңдар ма, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың!

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр аз дем алғым.

Жүргізуші

Аяз ата, Ақшақар, қош келдіңіздер! Әсем ән мен би де бар, отырыңыз ата, сәл демалыңыз.

5-бала

Аяз ата, аман ба?

Аман болғай қашанда.

Қарша қызды сүйеміз,

Ізетпен бас иеміз.

6-бала

Сәлем, достар, аман ба?

Шырша құрдық алаңға.

Жылға шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық.

Хор

«Саламатсыз ба, Аяз ата?»

Жұмбақтар және ортақ би

Аяз ата сөзі

Балалар, мен сендерге жұмбақ әкелдім.

Үстінде бар жасыл тон, шаштары бар жайнаған. Балалар жүр қарап оны, әнге салып айналған.

Жауабы: Шырша

Сақалы желбіреп, жүрегі елжіреп, жылда бір келеді, көп сыйлық береді.

Жауабы: Аяз ата

Тақпақ

Қош келдің, Аяз ата,

Қарсы аламын орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бірге еріп.

Би

Аяз атамен би

Балалардың тақпақтары

7-бала

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Әппақ атамыз.

8-бала

Той, мереке, салтанат,

Думандатты шартарап.

Келді, міне, Жаңа жыл,

Тартуыларын арқалап.

9-бала

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.

Жүргізуші

Балалар, кәне, Ақшақарды ортаға алып, бәріміз би билейік!

10-бала

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән саламыз.

11-бала

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

12-бала

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылмен тамаша!

13-бала

Келді, міне, Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп-ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Ән

Ортақ ән орындалады.

14-бала

Бақытты болып жыл сайын,

Осылай басты қосайық.

Ашық болып аспан әрдайым,

Тыныштық тойын жасайық.

15-бала

Жаңа жылда бастаған,

Жаны жайсаң жақсы адам.

Аяз ата, сізге мен

Айтам әнді жүздеген.

Автор туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №4 «Күн-нұры» балабақшасы, ересектер тобының тәрбиешісі — Жиенбаева Гүлнар Қуантайқызы.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» деген жол бастапқы мәтінде берілген. Бұл бетте мазмұн редакцияланып, блог пішіміне келтірілді.